Ақын-жазушылармен кездесу кеші

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Туған жер» қоғамдық қозғалысы» қауымдастығының ұйымдастыруымен Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының мәжіліс залында жастардың қазақ әдебиетіне, мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру, өскелең ұрпақтың рухани жан-дүниесін байыту, жергілікті ақын-жазушылардың шығармашылығын насихаттау мақсатында «Рухани жаңғырудың тірегі – ұлттық тіл» атты ақын-жазушылармен кездесу кеші өткізілді.  
Шараға Сыр бойының белгілі ақын-жазушылары, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студент-жастары, тілдерді оқыту орталығының қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.
Әдеби кешке ақын, сценарист, жастар театрының режиссері, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Оңталап Нұрмаханов, ақын-сазгер Өтемұрат Зияев, ақын, республикалық және халықаралық айтыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы Ержеңіс Әбдиев қонақ ретінде шақырылды.
 Әдеби кешті «Сыр дидары» газетінің бас редакторы, белгілі ақын, журналист Сәкен Алдашбай жүргізді.
Кеш барысында М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық жоғары колледжі және «Болашақ» университеті колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім алып жатқан студент-жастары мен ақындар арасында емін-еркін сыр-сұхбат жүргізілді. Жастар әдебиет пен өнер, ақындық пен сазгерлік жайлы көкейде жүрген сұрақтарын қойып, оларға тұшымды жауаптар алды. Сыр бойы ақын-жазушыларының шығармашылығы, ана тіліміздің қазіргі таңдағы қоғамдағы рөлі, сазгерлер мен ақындардың өзара байланысы жайлы да сөз кеңінен қозғалды. Кеш барысында жастар Е. Әбдиевтің «Ана туралы» және О. Нұрмахановтың «Көктем едің» т.б шығармаларын мәнерлеп оқыды.
Студент-жастарға арнап ақын-сазгер Ө. Зияев «Жыр сандығын ашайын» термесі мен «Былғары қолғап», «Тоғызқұмалақ» әндерін орындап берсе, ақын, сценарист О. Нұрмаханов «Иттер үреді», «Көктем» өлеңдерін оқып берді.
Кеш соңында ұйымдастырушылар тарапынан қонақтарға Ш.Айтматовтың «Тау құлаған» кітабы сыйға тартылды.



НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 мамыр 2018 г. 1 006 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қаңтар 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031