Жазықсыз жапа шеккен құрбандарға тағзым

Бүгін Шиеліде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған митинг өтті. Аталған митингіге аудандық мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері, аудан ардагерлері, қуғын-сүргін құрбанының ұрпақтары және аудан тұрғындары қатысты.
Зұлмат жылдары жазықсыз жапа шеккен құрбандар рухына арнап, аудан халқы атынан аудан әкімі Әшім Оразбекұлы тағзым гүлі мен гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен құрбандарды еске алды.
Аудан басшысы Ә.Оразбекұлы өз сөзінде осы қанқұйлы жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбаны болған азаматтардың есімдерін ұмытпай, оларды мәңгі есте сақтау біздің ендігі жердегі борышымызға айналғандығын атап айтты.
Сонымен қатар, саяси қуғын – сүргін құрбандарына Оқшы ата мешітінің бас имамы Р.Ахметов құран бағыштады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 мамыр 2018 г. 449 0