Айтыстың ақтаңгерін қабылдады

  Бүгін Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан Мақашов айтыстың ақтаңгері, педагог-ұстаз Серік Ыдырысовты қабылдады.

Ақынды мерейлі 60 жасқа толуымен құттықтап, оған Құрмет грамотасын табыс етті. Мерейтой иесі жерлестерін Қармақшы ауданының 90 жылдығымен құттықтап, құрмет көрсетіп жатқаны үшін ризашылық білдірді. Қай жүрде жүрсе де, қандай қызмет атқарса да туған елі әрқашан ыстық екенін өлең жолдарымен жеткізді.

Мерейтой иесімен кездесу барысында Жосалы кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Жәкеев, ардагерлер М.Өтегенов, Қ.Есдәулетов лебіздерін білдірді.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 маусым 2018 г. 560 0