Халықаралық жайдарман фестивалі - Қызылордада

Қызылорда облысының әкімдігі, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Қазақстан КВН» Одағы республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай 28 маусым күні сағат 18.00-де Н.Бекежанов атындағы мәдениет үйінде Қызылорда облысы әкімінің жүлдесіне арналған «KIELI MEKEN - QYZYLORDA» атты халықаралық жайдарман фестивалі өткізіледі.
Шараға Түркіменстан, Қырғызстан, Башқұртстан, Түріктер мен Қарақалпақ елдерінен жайдарманшы командаларымен қатар өзге өңірлерден  «Апорт» құрамасы - Алматы қаласы, «Миллион» командасы – Түркістан облысы, «Юсуф Мироғұлының қарындастары» – Алматы қаласы, «Грант» құрамасы - Батыс Қазақстан облысы, «Бір үйдің балдары» - Байқоңыр қаласы, «Қызылорда» құрамасы - Қызылорда облысының командалары өнер көрсетуі жоспарлануда.
Жеңімпаз атанған командалар жүлделі І орын – 500 000 теңге, ІІ орын – 300 000 теңге, ІІІ орын – 150 000 теңге және «Үздік ойыншы» - 50 000 теңгелей сертификаттармен кубоктармен марапатталатын болады.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 маусым 2018 г. 493 0