ТЕАТР ҰЖЫМЫНЫҢ ТАРТУЫ

Бейсенбі күні Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында «Жаңа қоныс» комедиясының премьерасы болды.

Спектакль авторлары Ұлболсын Қылышбаева мен Ақтөре Оразалы кезекті туындыны Қызылорда қаласының 200 және Астана қаласының 20 жылдығына арнап отыр. Декорациясын Нұркен Қалымбетов құрастырса, музыкасын Рүстем Ізтаев жазып шықты.

Сюжет желісі негізінен облыс орталығына ауылдан қоныс аударған Қырманбай ақсақалдың шаңырағында өрбиді. Ұл-қыздарына дәм-тұз қаладан бұйырғасын оның да туған жерден ұзап кетуіне тура келді. Балаларының бірі жаңа мекеннен үй алса, жұмыс тапты, кенжесі Астанаға оқуға түсті. Ауылдың жайбарақат тіршілігіне әбден үйреніп қалған қара шалға мұнда бәрі таңсық. Оның және балаларының басынан өтетін барлық жағдайды спектакль авторлары әзілмен көмкеріп жеткізуге тырысқан.

Кейіпкерлер қос қаланың сұлулығын әнмен көркемдеп, комедиялық туындының мәнін аша түсті.

Назерке САНИЯЗОВА, 

«Сыр бойы».

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 маусым 2018 г. 505 0