Қазақстан фермерлер одағы Қызылорда филиалының төрағасы сайланды

Қазақстан фермерлер одағы Қызылорда облыстық филиалының жаңа төрағасы сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеше Қазақстан фермерлер одағының Қызылорда облыстық филиалының конференциясы өтті. Күн тəртібінде жаңа төрағаны сайлау мәселесі жəне ауыл шаруашылығы саласындағы проблемалар талқыланды.

Конференция барысында Қазақстан фермерлер одағы Қызылорда облыстық филиалының жаңа төрағасы сайланды. Бұл қызметке Өмірхан Пашкенов келді. Ол еліміздің ауыл шаруашылығы саласында 40 жылғы жуық қызмет атқарған. Алғашқы еңбек жолын Ақтөбе облысында агроном ретінде бастаған. Одан кейін Қызылорда облысы Шиелі ауданында ұжымшар бригадирі, бас агроном, ұжымшар төрағасының орынбасары, аудандық мемлекеттік тұқым инспекциясы, ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы дәрежесіне дейін көтерілді. Соңғы 15 жылдан бері Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында еңбек етті. Соңғы 8 жылда басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарып, былтыр маусым айында құрметті еңбек демалысына шықты.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 қаңтар 2019 г. 540 0