7 700-ден астам отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды

Атаулы әлеуметтік көмек аз қамтылған отбасылар үшін елеулі қолдау болып отыр. Оның аясында жәрдемақымен қоса, тұрғындарға тұрақты табыс көзі, жұмыс орны ұсынылады.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметіне сүйенсек, өткен жылы 40 699 адам немесе 7 706 отбасыға 1 835 млн теңге атаулы әлеуметтік көмек төленді. 7 664 отбасына 383,2 млн теңге көлемінде тұрғын үй көмегі төленді.
Әлеуметтік келісімшарт негізінде шартты ақшалай көмек алушылар қатарындағы еңбекке жарамды 2 720 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды. Олардың 1 107-сі тұрақты жұмысқа, 1366 адам қоғамдық жұмысқа, 44 адам әлеуметтік жұмыс орнына тартылды. 38 адам жастар тәжірибесіне, 165 адам қайта даярлау курстарына оқуға жіберілді.

«СБ»-ақпарат
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 ақпан 2019 г. 145 0