«ЖАСТАР ЖЫРЛАЙДЫ»: БАС ЖҮЛДЕ – НҰРМАТ МАНСҰРОВТА (фото)

Бүгін Қызылордада «Жастар жырлайды» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы шараны Жастар жылы және Әйтеке би Бәйбекұлының 375 жылдығына арнап ұйымдастырды, - деп хабарлайды syrboyi.kz сайты.

Жыр додасына қатысқандар қатарында Аспанбек Шұғатаев (Павлодар қаласы), Рүстем Қайыртайұлы (Алматы қаласы), Аруна Керімбек (Тараз қаласы), Біржан Байтуов (Шымкент қаласы), Дәурен Ысқақ (Астана қаласы), Райымбек Өтепов (Орал қаласы) және қызылордалық Нұрмат Мансұров, Сырым Әділбек, Нұрзат Қару, Бексұлтан Орынбасаровтар бар.

Қазылар алқасына ақын Жүрсін Ерман төрағалық етсе, оның құрамында «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп, республикалық «Ана тілі» газетінің бас редакторы Жанарбек Әшімжан, жазушы-журналист Айжарық Сәдібекұлы, айтыскер ақын Кенжебай Жүсіпов болды.

Сөз додасының қорытындысымен 3-орынды Аруна Керімбек, Аспанбек Шұғатаев (300 мың) иеленсе, 2-орынға Біржан Байтуов (400 мың), 1-орынға Рүстем Қайыртайұлы (700 мың) лайық деп танылды. Бас жүлдені жерлесіміз Нұрмат Мансұров еншіледі.





"СБ"-ақпарат, 
фото авторы: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 ақпан 2019 г. 529 0