МҰНДАЙ ҚОЛДАУҒА ҚУАНАМЫЗ

  «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде Мемлекет басшысы Қазақстандағы әр отбасының әл-ауқаты ерекше назарда болатынын айтып өтті. Оның ішінде, аз қамтылған және көпбалалы отбасылар мәселесін түбегейлі шешу үшін еліміздің әлеуметтік саясатқа баса мән беріп отырғанын жеткізді. 

Әсіресе, мүгедек бала асырап отырған ата-аналардың жәрдемақысын 30 пайызға көбейту жөніндегі Елбасы тапсырмасы  қаншама отбасыны бір серпілтіп тастады. Әрбір ата-ананың мақсаты-дені сау ұрпақ тәрбиелеу болса, мұндай көмектер қашанда зор қолдау болып табылады.

Ал кешегі өткен әлеуметтік саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы көмекке аса мұқтаж және көпбалалы отбасылар биылғы 1 сәуірден бастап әлеуметтік көмек алу қажеттігін тапсырды.  Бұл шешім біздің елімізде халықтың əлеуметтік жағдайын жақсарту мəселесіне бірінші кезекте көңіл бөлетінін көрсетіп отыр. 

Мұрат  ЖҰМАДІЛДАЕВ, 

облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 наурыз 2019 г. 455 0