«Қайсардан» күтер үміт көп

Жексенбіде «Қайсар» ойыншылары «Атырау» командасын қабылдады. Биылғы чемпионаттың алғашқы ойынындағы жанкүйерлер қатарында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев та болды.

Делебесі қозған жүйріктер жасыл алаңға шыға сала шаб­уылға көшті. Қос команда да жеңіске ынталы. Қонақтар ойынның 2-минутында-ақ есеп ашты. Сәтті шабуылда айып алаңына бағыттаған допты аты­раулық Дәурен Мәжитов қақпаға сүңгітті.

Мұнан соң қайсарлықтар қанша тырысқанымен есепті теңестіре алмады. 20-минутта Тигран Барсегян тепкен доп та қақпадан кері қайтты. Асхат Тағыбергеннің де шабуылы нәтижесіз болды.

Енді «Қайсар» 15 нау­рызда «Жетісу» коман­дасын қабылдайды.



Дәулет ҚЫРДАН.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 наурыз 2019 г. 234 0