Қырымбек Көшербаев: "Мұғалімді күтем деп, құлағымды үсіріп ала жаздағанмын"

  Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жергілікті жастармен еркін форматтағы кездесуде балалық шағы туралы әңгімелеп берді. Ол кезде ұстазға деген құрметтің жоғары болғанын еске алды.

  Қақаған қыстың суығы. Бірде бала Қырымбек көшенің арғы бетінен су әкелу үшін сыртқа шығып, асығыста құлақшынын киюді есінен шығарады. Екі қолында су толы ыдыс. Асығыс адымдап үйге қарай жүре бергенде анадай жерде сынып жетекшісінің келе жатқанын көріп, тұра қалады. Оқытушы Ұлы Отан соғысының ардагері, қартаңдау кісі екен. 

– Ұстаздың алдын кесіп өтпеу керек деген оймен оны біраз күттім. Сәлден соң мұғалім аяңдап жаныма келді. Суыққа қарамастан жағдайымды, үй ішімнің амандығын сұрап, содан кейін ғана қоштастық. Сөйтіп, саршұнақ аязда құлағымды үсіріп ала жаздағаным бар, - деді аймақ басшысы. 


Айдана ЖҰМАДИНОВА.

(Фотода Қырымбек Көшербаевтың оқушы кезі)


НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 наурыз 2019 г. 871 0