Барлық жетістік Тұңғыш Президент есімімен байланысты

 Қазақ елі ХІV ғасырдан бергі басты арманы – тәуелсіздікке 1991 жылы қол жеткізді. Алаштың мұраты жүзеге асқан осынау қасиетті күннен бергі кезеңде мемлекеттілікті қалыптастырудың озық үлгісі орнап, жаңа Қазақстан тарихының айқын беттері ашылды.
Қазақ елінің күні бүгінге дейінгі жетістіктерінің барлығын Тұңғыш Елбасы есімімен байланыстыру орынды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атқарған еңбегі, қабылдаған шешімдері еліміздің дүниежүзілік аренадағы орнын айшықтап берді. Бүгінде Қазақстан әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болып, өркениеттік дамуға айтарлықтай үлес қосып келеді.
Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа «Халық Қаһарманы» атағының берілуі өте құптарлық шешім болды. Өйткені тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында отандық экономика әдеттен тыс қиындықтарға тап болып, шын мәнінде құрдымға кетудің сәл-ақ алдында тұрды. Осындай аса күрделі жағдайда ел тізгінін ұстаған Нұрсұлтан Назарбаев өзін көреген саясаткер, елін елдікке бастаған дарынды реформатор ретінде көрсете білді. Оған Қазақстанның жүріп өткен жолы, жетістіктері дәлел.

Жорабек НҰРЫМБЕТОВ,
Қызылорда су шаруашылығы өндірістік учаскесінің бастығы.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 наурыз 2019 г. 280 0