Тұңғыш Президент көрмесі – Қармақшыда

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі ғылыми-білім беру және мәдени ағартушылық көрмесі Қармақшы ауданында өз жұмысын бастады, - деп хабарлады syrboyi.kz сайты аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
Мемлекет басшысының Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы шешуші рөлін жан-жақты көрсету мақсатындағы республикалық деңгейде ұйымдастырылған шараның ашылу салтанатына аудан әкімі Мақашов Сұлтан Ысқақұлы қатысты.
Аудан тұрғындарымен кездескен Елбасы кітапханасы директорының бірінші орынбасары Әмірхан Рахымжанов алдымен көшпелі көрменің мәні мен маңызына тоқталды.
Мұнда Назарбаев моделінің қалай қаланғаны, егемендік алған қысқа мерзімде еліміздің жетістіктерге қалай жеткені туралы кеңінен қамтылып айтылған.
Мемлекет басшысының көрегенділігінің, біліктілігінің, ізденімпаздығының, озық идеяларының жемісі осы жинақта толық қамтылған. Бұны қазақстандықтарға, бүгінгі жас ұрпаққа үлгі-өнеге ету мақсатында жұмыстана беретін боламыз, – деді Ә.Рахымжанов.
Тағылымдылығы басым шарада аудан тұрғындарына «Бәсекеге қабілеттілік – ХХІ ғасыр ұлт жаңғыруы», «Қазақстанның тарихи жолы мен эволюциялық дамуы», «Ұлттық бірегейлікті сақтау», «Ашық сана – болашаққа жол» дәрістері жүргізілді. Топтық ойындар мен психологиялық жаттығулар, тәжірибелік сабақтар өтті. «Елбасы кітапханасының ақпараттық ресурстары» аймақтық кәсіби сессиясына жалғасты.
Сайып келгенде кітапхана, архив, музей салалары бойынша замана дәуіріне қарай қарыштай даму қадамдары сараланып, астаналық мамандар өз тәжірибелерін бөлісті.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі ғылыми-білім беру және мәдени ағартушылық көрмесі аясында Қазақстан Президенті кеңесінің бастығы Қазақстан Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы директоры М.Қасымбековтың Қармақшы ауданы әкімі Мақашов Сұлтан Ысқақұлына Елбасының өмір жолы туралы кітаптар мен Алғыс хаты табыс етілді.
Бүгінгі көрмеден аудан жастары Президент туралы көп мағлұматтар алып, тәрбиелік мәні жоғары кездесуге ризашылықтарын білдірді.
Елбасының жеке қорының көрмесі Қармақшы ауданында алғаш рет ұйымдастырылып отыр.



НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 сәуір 2019 г. 301 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қаңтар 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031