Қызылордалық бүлдіршін - республикалық Құран байқауының жеңімпазы

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы, Алматы қалалық орталық мешітінің ұйымдастыруымен өткен бүлдіршіндер арасындағы ІІІ республикалық Құран байқауында қызылордалық бүлдіршін жүлделі орынды қанжығасына байлады, - деп хабарлайды syrboyi.kz ҚМДБ-ның облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі

Аталмыш жарыста "Мутаффифин" жəне "Нас" сүрелерін жатқа оқу номинациясы бойынша қатысып, Қызылорда облысының намысын қорғаған 8 жасар Бегімсұлу Мұқамбетқали төрешілердің шешімімен жүлделі екінші орынға лайық деп танылды.

Айта кетейік, Бегімсұлу Мұқамбетқали  - ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, "Ақмешіт-Сырдария" орталық мешіті жанындағы "Құран жаттау" орталығының ынталы шәкірттерінің бірі.



НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 сәуір 2019 г. 464 0