Қызылордада оқушылар зағип жандарға арналған құрылғы ойлап тапты

  Қазалы ауданында оқушылар зағип жандарға арналған құрылғыны ойлап тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш жоба Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен халықаралық сайыста үздік деп танылды. Оған қатысқан 74 команданың арасынан екінші орынға ие болды.

Көзінің көру қабілетінен айрылған мүмкіндігі шектеулі азаматтар бұл құрылғы арқылы алдында тұрған көптеген кедергілерді сезе алады. Оған ультра дыбысты сигнал беруші орнатылған. Сондай-ақ, оны вибрация арқылы сезе алады.

Қазалы ауданындағы №249 мектеп-лицейдің оқушысы Асылхан Қанибаевтың айтуынша, көру мүмкіндігі шектеулі азаматтардың туысқандары арқылы аталмыш құрылғының белгі беру жүйесін смартфонға орнатуға болады. Сол арқылы зағип жандардың қайда жүргенін бақылап отыруға болады. Алдағы уақытта өнертапқыш оқушылар көзілдірік, белбеу, күртеше, аяқ киім секілді дүниелердің жиынтығын жасауды жоспарлап отыр.

Өнертапқыш оқушылар жасаған құрылғы әзірге 20-30 сантиметр аумақтағы кедергіні анықтауға мүмкіндігі бар. Алдағы уақытта оны 1 метрге дейін арттыруға мән берілмекші. Оқушылар GPS қондырғысын орнатуды да көздеп отыр. 

 

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 сәуір 2019 г. 306 0