Ұлттық Ұлан концерттік бағдарлама ұсынады

ҚР Ұлттық Ұланының ән-би ансамблі 23-25 сәуір аралығында сырбойылықтар назарына «Ұлы дала ұландары» атты концерттік бағдарламасын ұсынбақ, - деп хабарлады syrboyi.kz.

Гала-концерт «Біздің Елбасы» акциясы аясында Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрының залында үш күн қатарынан кешкі сағат 19.00-де ақысыз негізде өтеді. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын халыққа насихаттауды мақсат еткен шараны ҚР Ұлттық Ұланының ақпараттық-насихаттық тобы мен ән-би ансамблі ұйымдастырып отыр.

Сонымен қатар, аймаққа сапар аясында ұжымның азаматтық борышын өтеп жүрген сарбаздардың ата-аналарымен, Ұлы Отан соғысының ардагерімен кездесуі, Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында (қарттар үйі) концерт беруі жоспарланған.



















НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 сәуір 2019 г. 296 0