Қызылордалықтар бірлік мерекесін тойлады

1 мамыр күні Қызылордада Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мерекелік іс-шаралар өтті. "Сыр сүлейлері" аллеясында облыс әкімінің орынбасары Қуанышбек Ысқақов аймақ тұрғындарын мерекемен құттықтады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Шара қызылордалық өнер қайраткерлері мен Өзбекстан Республикасынан арнайы шақырылған "Osiyo" ұжымының мерекелік концертімен жалғасты.

Сондай-ақ, бүгін облыс орталығында қалалық филармония өнерпаздарының концерті, "Шығармашылық Арбатта" қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі және ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. 

Сонымен қатар, Қызылордада бокстан республикалық жазғы спартакиада басталып, қалалық мәдениет және демалыс саябағы ашылады. 

Мерекеге орай Қармақшы ауданы Төретам ауылында ат жарысы (аламан, тай және құнан бәйге) және басқа да спорттық сайыстар: құнан және аламан бәйге, қазақша күрес, арқан тарту, қой көтеру және т. б. жарыстар ұйымдастырылады.
1 мамыр мерекесіне арналған шаралар облыс көлемінде аптаның соңына дейін жалғасатын болады.  

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 мамыр 2019 г. 542 0