12 жастағы қызылордалық Құран байқауында жүлделі болды

 12 жастағы қызылордалық Ниғматулла Абдазимов VIII республикалық Құран байқауында жүлделі ІІ орын иеленді, - деп хабарлады syrboyi.kz ҚМДБ облыстық өкілдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған дәстүрлі Құран байқауы екі күнге созылды. Онда еліміз бойынша 558 қари Құран Кәрімді толық және 20, 10 парасын жатқа, мәнерлеп оқу бағыттары бойынша сынға түсті. Жүлде қоры 16 млн теңгені құрайтын жарыста қазылар алқасының бағалауымен Құран Кәрімнің 20 парасын жатқа оқу номинациясы бойынша ІІ орынға жерлесіміз Ниғматулла Абдазимов лайық деп танылды.



НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 мамыр 2019 г. 539 0