«Қайсар» «Қайраттан» басым түсті

Премьер-лиганың 8-турында «қайсарлықтар» қарсыластарын қапы қалдырумен келеді. «Шахтермен» болған ойындағы жеңісін «Қайратпен» кездесуде де қайталады. Өз алаңында олар қонақтардан 2-1 есебімен басым түсті, - деп хабарлады syrboyi.kz тілшісі. 

Кездесудің алғашқы 20 минутында «Қайраттың» ойыншылары белсенділік танытты. Георгий Жуковтан пас алған Мартон Эппель допты «Қайсардың» қақпасына сүңгітті. Ойынның бірінші бөлігінде қонақтар басымдық танытқанмен екінші бөлігінде ойынға қосылған Марат Хайруллин жергілікті команда ойынына өзгеріс әкелді. 52-минутта Александр Морочкин есепті теңестірді. Көп ұзамай Асхат Тағыберген де қарсылас қақпасына гол салып, есепті еселеді.

«Қайсар» 5 мамырда сырт алаңда «Ақтөбемен» кездеспек.

 

Дәулет ҚЫРДАН.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 мамыр 2019 г. 540 0