«Аманат»: ашық сайлау өткізуге қоғам ынталы

Президент сайлауын ашық та, әділ өткізуге қоғам ынталы. Бұл мақсатта елімізде «Аманат» азаматтық тұғырнамасы құрылып, алғашқы отырысы Нұр-Сұлтан қаласында өткен-ді. Бұл тұғырнаманың белсенді жұмыс жасауына облыстағы қоғамдық ұйымдар да белсенділік танытып отыр. 

Бүгін бастамашыл топ өкілдерімен кездесу өткізген «Аманат» азаматтық тұғырнамасының облыстық штабының жетекшісі Анар Ізден штаб мүшелерін таныстырып, алдағы жұмыс барысын пысықтады. 

– «Аманат» азаматтық тұғырнамасы сайлау үдерісіне қоғамдық мониторинг жасау мақсатында құрылды. Бұл әділ, ашық сайлауға мүдделі ел азаматтарының тәуелсіз ерікті бірлестігі. Штабқа қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері, жастар, сарапшылар, белсенді азаматтар мүше болды. Барлық ауданда штаб жұмысын жүргізетін өкілдер бар,– деді ол.

Басқосуда штаб мүшесі, «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту» қоғамдық қорының директоры Жандос Тұсмағамбетов азаматтық тұғырнаманың бес негізгі бағыттан тұратын тұжырымдамасымен таныстырды.

Мұнан әрі штабтың аудандағы өкілдеріне сайлау барысында мониторинг жасаудың тәртібі түсіндірілді.

Гүлмира ДІЛДӘБЕКОВА.

«Сыр бойы»

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 мамыр 2019 г. 420 0