Мәжіліс депутаттары – Қазалыда

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Сапар Ахмет, Бақытбек Смағұл және Нұржан Әлтаев жұмыс сапарымен Қазалы ауданында болды. Депутаттар алдымен Әйтеке би бабамыздың ескерткішіне және Жанқожа баба кесенесіне барып, құран бағыштады.  

Мұнан кейін халық қалаулылары аудандық ауруханада медицина қызметкерлерімен кездесті. Жиынды аудан әкімі Мұрат Ергешбаев жүргізіп, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асу барысын баяндады.

Сондай-ақ, депутаттар "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалында қоғамдық қабылдау өткізіп, аудан тұрғындарымен кездесті.


Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 мамыр 2019 г. 588 0