Қазалы: соғыс ардагеріне тұрғын үй берілді

Жеңіс мерекесіне орай Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев Ұлы Отан соғысының ардагері Лепес Әуесбаев ақсақалға құрмет көрсетіп, тұрғын үйдің кілтін табыстады.  Сонымен қатар аудан басшылығы жаңа үйдің қоныс тойына теледидар тарту етті.

Өз кезегінде Лепес Әуесбаев ақсақал аймақ басшысына, аудан әкіміне ризашылығын білдіріп, алғысын жеткізді.

Айта кетейік, Қазалы ауданынан 10 770 азамат майданға аттанса, соның ішінде 6229 жауынгер ғана елге аман-есен оралған. Олардың жыл артқан сайын қатары азайып барады, бүгінгі күні 5 ардагер ғана арамызда.



Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі



 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 мамыр 2019 г. 737 0