Қызылордада бокстан ересектер арасында v жазғы спартакиада аяқталды

Жарыс Қазақстанның барлық өңірлерінен келген спортшылардың қатысуымен 2-7 мамыр аралығында өтті. "Мұз айдынында" өткен спартакиаданың жабылу салтанатында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев боксшыларды марапаттады. Сондай-ақ, аймақ басшысы Таиландтың Бангкок қаласында өткен бокстан Азия чемпионатының жеңімпазы Тұрсынбай Құлахмет пен күміс медаль иегері Қамшыбек Қоңқабаевты құттықтап, оларға 1 миллион және 500 мың теңгенің сертификатын табыстады.
Сондай-ақ спортшыларды марапаттау рəсіміне  ҚР Бокс  федерациясының  вице-президенті  Юрий Цхай, ҚР еңбек сіңірген ардагері Серік Əбдінəлиев,  облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасының басшысы Олжас Акимов, ҚР бокс федерациясының атқарушы директоры Бекжан Бектенов, ҚР бас жаттықтырушысы Ғалымбек Кенжебаев,  ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Болат Абдрахманов жəне ауыр атлетикадан 4 дүркін Əлем чемпионы Илья Ильин қатысты.
Айта кетейік, спартакиадаға Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары мен республиканың барлық облыстарынан 10 салмақ дәрежесінде боксшылар қатысады.
Одан бөлек, сайыс қорытындысымен "Жеңіске деген жігері" номинациясына қызылордалық Оңталап Рахманов, "Үздік техника" - Нұр-Сұлтан қаласынан Айбек Оралбай,  "Үздік төреші" - үш жұлдызды төреші  Азамат Жақиянов (СҚО) ие болды.
Естеріңізге сала кетейік, спорттың 40 түрінен V жазғы спартакиада республика бойынша ағымдағы жылдың ақпан айынан тамыз айында дейін өткізіліп келеді. Соның ішінде Қызылорда облысында гандбол мен бокстан спартакиада өткізу жоспарланған.
СПАРТАКИАДА ҚОРЫТЫНДЫСЫ
49 келі
1. Асхат Жүсіпов - Нұр-Сұлтан қ.
2. Жомарт Ержан - Түркістан
3. Жандос Несіпжан - Алматы
3. Ермек Мадиев - Жамбыл
52 келі
1. Сəкен Бибосынов - Түркістан
2. Евгений Павлов - СҚО
3. Абай Қуандықов - Ақтөбе
3. Азат Махметов - Нұр-Сұлтан қ.
56 келі
1. Нұрбол Қалжанов - Маңғыстау
2. Ілияс Сүлейменов - Нұр-Сұлтан қ.
3. Оразбек Асылқұлов - Ақмола
3. Нығметулла Молдашев - ШҚО
60 келі
1. Саматали Төлтаев - Маңғыстау
2. Əділет Құрметов - ШҚО
3. Ерсұлтан Булат - Ақмола
3. Серік Теміржанов - Павлодар
64 келі
1. Ділмұрат Мижитов - Алматы қ.
2. Нұржан Мақашбаев - Алматы
3. Сабыржан Бекбергенов - Ақмола
3. Сабыржан Əбілов - Қызылорда
69 келі
1. Талғат Шайкен - Ақмола
2. Аятулла Такижанов - Павлодар
3. Станислав Цой - Жамбыл
3. Қанағат Маралов - Нұр-Сұлтан қ.
75 келі
1. Тимур Нұрсейтов - Нұр-Сұлтан қ.
2. Ермахан Жакпеков - ШҚО
3. Ерсұлтан Советов - Қарағанды
3. Амандық Манашев - Атырау
81 келі
1. Нұрбек Оралбай - Нұр-Сұлтан қ.
2. Ерік Əлжанов - Маңғыстау
3. Қуандық Жүсіп - Қызылорда
3. Дінислам Абдешов - Түркістан
91 келі
1. Айбек Оралбай - Нұр-Сұлтан қ.
2. Оңталап Рахманов - Қызылорда
3. Бекзад Нұрдаулетов - Маңғыстау
3. Абзал Құттыбеков - Түркістан
+91келі
1. Нұрболат Сермаханов - Нұр-Сұлтан қ.
2. Сержан Сейтімбетов - Ақтөбе
3. Данила Семенов - Қостанай
3. Нұрсұлтан Аманжолов - Жамбыл
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 мамыр 2019 г. 179 0