Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы тағайындалды

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төраға орынбасары Өмірзақ Көбегенұлы Бейспеков және Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Қуаныш Ысқақов Қаржы министрі  Әлихан Смайыловтың бұйрығымен тағайындалған Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Орынов Ғалымжан Қалдыкөзұлын   ұжымға таныстырды.

Орынов  Ғалымжан  Қалдыкөзұлы 1975 жылы туылған, қазақ, білімі жоғарғы. 1996 жылы Қазақ тұтыну кооперация институтын, 2010 жылы  Қ.А.Яссауи атындағы  Халықаралық  Қазақ-Түрік  университетін бітірді. Біліктілігі – экономист, заңгер, экономика ғылымдарының магистрі.

Салық жүйесінде 1996 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс атқарады, 1996 жылдан  2006 жылға дейін - Қазығұрт ауданы бойынша Салық комитетінің салық инспекторы, жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы, төрағаның орынбасары; 2006 жылдан  2007 жылға дейін - Сарыағаш ауданы бойынша Салық комитеті  төрағасының орынбасары, 2007 жылдан  2011 жылға дейін- Кентау қаласы бойынша Салық комитетінің төрағасы; 2011 жылдан 2018 жылға дейін-Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болды.

2018 жылдан  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Ұйымдастыру жұмыстары департаменті Қаржылық қамтамасыз ету  басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.       

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 мамыр 2019 г. 689 0