Мақсат Исағабылов "Сыр барысы" атанды

«Евразия» спорт кешенінде қазақ күресінен облыстық «Алтын белбеу» сайысының ақтық кезеңі мәресіне жетті. Биыл оныншы мәрте ұйымдастырылған айтулы бәсеке үш кезең бойынша өткізіліп, төрт жас деңгейінде 8000-ға жуық спортшы сынға түсті.

Түйе палуан сайысына 24 спортшы қатысты. Олардың арасында қызылордалық Мақсат Исағабылов «Сыр Барысы» атанып, оған «Алтын белбеу» белдігі мен 1 млн 125 мың теңгенің сертификаты табысталды. Ал, «Сыр Арланы» - аралдық Нұрым Сəлімгереевке 540 мың теңгенің, «Сыр Сұңқары» - қармақшылық Марат Баймахановқа 360 мың теңгенің сертификаты  берілді.

Үстіміздегі жылдың 8 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Президенті жүлдесі үшін өтетін «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне Қызылорда облысынан М.Исағабылов пен Н.Сəлімгереев облыс намысын қорғайтын болады.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 мамыр 2019 г. 346 0