Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылорда облысына жұмыс сапары басталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылорда облысына жұмыс сапары басталды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
«Сапар барысында Қазақстан Президенті өнеркәсіп кәсіпорындарын аралап, өңірдің инфрақұрылымдық даму жоспарымен танысады.Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев облыстың әлеуметтік және мәдени нысандарында болып, жұртшылық өкілдерімен және еңбек ұжымдарымен кездеседі», - делінген хабарламада.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 мамыр 2019 г. 691 0