Айбибі, Айша, Ақнұр

 Шиелілік Жандос Мақатаев пен Жазира Ертаеваның отбасында 1 мамыр күні үш бірдей қыз бала дүниеге келді. Оларға  Айбибі, Айша және Ақнұр деген есім берілді.

Облыстық перинатал­ды орталықта аман-есен нәрес­телерін дүниеге әкелген Жазира  екі аптадай ауруханада жатты. Осы уақытта ол мерзімінен бұрын туылған нәрестелермен бірге дәрігерлер бақылауында болды.

– Жүктіліктің 12 аптасында кезекті УДЗ-ға түстім. Сонда маған құрсағымда үш бала бар екенін айтты. Жолдасым екеуміз сенер-сенбесімізді біл­медік, бірақ Алланың берген сыйы ғой, қатты қуандық. Жүк­тіліктің 35 аптасында ота арқылы босануыма тура келді. Ана мен бала орталығы ма­мандарының көмегімен аман-есен аяқ-қолымды бауырыма алдым. Алғашқы екеуі екі келіден сәл ғана асып туылса, үшіншісі тіпті екі келіге де жеткен жоқ. Қазір жағдайлары жақсы, – дейді Жазира.

Мақатаевтар отбасында ен­ді төрт қыз бала болды. Тұң­ғыштары Айару 3 жаста.

Халықаралық «Отбасы күні» мерекесіне орай үш­ем­дер салтанатпен үйлеріне шы­ғарылды. Шиелі ауданы әкім­дігі мен ауданаралық аурухана сәбилерге қоларба сый­­ласа, облыстық перинатал­ды ор­талық атынан киім-ке­шек­тер жиынтығы тарту етілді.

Шиелі ауданаралық ауруханасы бас дәрігерінің орын­басары Бақтыгүл Мұса­ға­лиеваның айтуынша,  бұл ауданда соңғы он жылда дү­ниеге келген үшем екен. Ал жыл басынан бері бұған дейін жаңақорғандық Үсеновтер отбасында да үшем өмірге келген еді. Бір ғажабы, олар да үш бірдей қыз бала болатын.

Жалпы, жыл басынан бері ана мен бала орталығында 3621 нәресте дүниеге келсе, соның 46-сы егіздер.


Айнұр БАТТАЛОВА.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 мамыр 2019 г. 486 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Желтоксан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031