Қышқала қалашығында археологиялық қазба жұмыстары басталды

Қызылорда облысының тарихи және мәдени мұраларды қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік Кеңестің шешімімен Сырдария ауданындағы Қышқала қалашығында археологиялық қазба жұмыстары басталды.
Қазба жұмыстарын елімізге белгілі тарихшы-археолог Мадияр Елеуовтің жетекшілігімен "Археолог" халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы жүзеге асыруда. Айта кету керек, жоба Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында жүзеге асырылып отыр.
Тарихтың өзіне айналған көне қалалардың бірі – Қышқала Сырдарияның ескі арнасының бойында орналасқан. Түпкі аты белгісіз шаһарды 1243 жылы итальян саяхатшысы Джованни Плано Карпини Қышқала атаған екен. 


НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 мамыр 2019 г. 549 0