«Аманат» сайлаудың ашықтығын бақылайды

«Аманат» платформасы сайлауға бақылау жүргізу бойынша азаматтық баспасөз жиынын өткізіп, атқарылған жұмыстың кезеңаралық қорытындысын таныстырды. Ай басында жұмысын бастаған қоғамдық ұйым аз уақыт ішінде 44 шара өткізіпті.

«Аманат» азаматтық платформасы сайлауға қатысатын үміткерлер мен дауыс берушілерге тең мүмкіндік берілуін қадағалап қана қоймай, сайлау учаскелерінің талапқа сай жұмыс істеуін бақылайды. Өңірдегі азаматтық платформаның штаб жетекшісі Анар Ізденнің мәлімдеуінше, бүгінде 380 байқаушы оқытылып, барлық 366 сайлау бөлімшесі бақылаушылармен қамтылған.
– «Аманат» алдына 5 міндет қойып отыр. Оның біріншісі – сайлауға жалпы дайындық. Екінші міндетіміз – сайлаушылардың құқығын қорғау. Осы саяси науқанда ел бойынша 2 миллионнан астам сайлаушы бірінші рет дауыс береді екен. Мұндай азаматтарға тікелей және әлеуметтік желілер арқылы оқу семинарлары мен тренингтер ұйымдастырып жатырмыз. Әр сайлау учаскесін тәуелсіз бақылаудың ұлттық желісімен қамтамасыз етуді көздейміз. Қоғам мен биліктің арасындағы сенімді қалыптастыру, бағытында да жұмыс істеп жатырмыз – деді ол.
Бүгінде облыста 9 штаб құрылды. Онда 21 штаб жетекшісі мен ерікті қызметкерлер жұмысын бастап кетті. Платформа негізінде 30 мобильді капитан дайындалды. Облыс бойынша 20 қоғамдық пікір көшбасшылары мен 25-ке жуық қоғамдық ұйым қосылып отыр.

Шынар БЕКБАН,
«Сыр бойы».
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 мамыр 2019 г. 521 0