Қызылорда облысының әкімдігі ұлттық экологиялық байқаудың марапатына ие болды

Өңір "Эко-әкімдік" номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

5 маусым-Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында "Қазақстанның экологиялық ұйымдарының Қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі "Экология және жасыл экономика көшбасшысы" ұлттық байқауын жариялаған болатын.

"Байқау қорытындысы бойынша экологиялық заңнаманы өңірде жоғары деңгейде орындауға жағдай жасап, экологиялық және волонтерлік ұйымдарға аймақтың экологиялық мәселелерін нақты шешуде көмек көрсеткені және Қазақстан Республикасының «Жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама индикаторларын өңірлік деңгейде сапалы орындағаны үшін Қызылорда облысының әкімдігі "Эко-әкімдік" номинациясы бойынша жеңімпаз атанды", - деп хабарлады облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Айдар Абдуалиев.

Айта кетейік, Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы 2018 жылдың 10 қыркүйегінен бастап табиғатты қорғау бастамаларын қолдайтын, сондай-ақ "жасыл технологияларды" қолдануға байланысты жобаларды іске асыратын ұйымдар мен азаматтар арасында "Экология және жасыл экономика көшбасшысы" байқауына қатысуға өтінім қабылдау басталғанын жариялаған еді.

Байқау қорытындысымен 7 номинация бойынша жеңімпаздар таңдалды: "Эко-әкімдік", "Эко-кәсіпкер", "Эко-кәсіпорын", "Эко-ҮЕҰ", "Экомекеме" және "Экотұлға" (әр номинация бойынша үш жеңімпаз анықталды). Іріктеудің басты шарттары жүзеге асырылған іс-шаралар мен жобалардың халық пен жер үшін тиімділігі мен пайдалылығы болып табылады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 маусым 2019 г. 335 0