Қызылорда облысында дауыс беру басталды

Қызылорда облысында дауыс беру басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылорда облысында 366 сайлау учаскесінің 341-і сайлаушылардың негізгі тіркелген жері бойынша, 25 сайлау учаскесі әскери бөлімдерде, емдеу орындарында және басқа да мекемелерде құрылған.  Облыстағы барлық сайлау учаскесі қажетті құрал-жабдықтармен  толық қамтамасыз етілген. Бұл өңірде мүмкіндігі шектеулі 19 034 азаматтың дауыс беру құқығы бар. Олардың құқығын қамтамасыз ету шаралары қарастырылған. 50 сурдоаудармашы көмек көрсететін болады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 маусым 2019 г. 552 0