Қазақстанның 3 облысында оба ошағы тіркелген

Қазақстанның 3 облысы мен бір қаласында Конго-Қырым гемморагиялық қызбасының табиғи ошағы тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР бас санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.
«Қазақстанда оба, туляремия сияқты аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтары бар. Ал Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы мен бүйрек синдромды геморрагиялық қызбасының ошақтары анықталды. Қазақстанның барлық облыстарында күйдіргі, кене энцефалиті, құтыру сияқты қауіпті індеттердің қолайсыз стационарлық пунктері бар», - деді бас санитар.
Брифинг барысында Жандарбек Бекшин өткен жылы Шығыс Қазақстан аумағынан шыққан сібір жарасының ошағына қатысты мәлімет берді.
«Расымен де былтыр Шығыс Қазақстанның Катонқарағай ауданында сібір жарасының ошағы шығып, бір адам көз жұмған болатын. Кейін ауру бұрынғы мал қорымынан шыққаны анықталған. Биыл Шығыс Қазақстанда сібір жарасының қаупі жоқ. Есесіне Түркістан облысында бір ошақ анықталып отыр», - деді ол.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 шілде 2019 г. 440 0