Мал азығы: өнімділік өсе түсуде

 Қазір мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Ол өз кезегінде мал азығындық дақылдардың көбеюіне тікелей әсер етіп отыр. Өткен жылы  шаруашылықтар мал азығындық дақылдарын көрші облыстарға сатып, біраз пайда көрген болатын. Соған орай биыл облыста мал азығындық дақылдар егілетін алқаптар көлемі өткен жылмен салыстырғанда 6 мың гектарға артып, 62,7 мың гектарға жетті. Тек жоңышқа ғана емес, жаздық бидай мен жүгері егістіктері де өскені байқалады.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқарма­сының мәліметіне жүгінсек, аймақтағы шаруа­шылық құрылымдарында жоңышқа дақылының 1-орымынан барлығы 87,1 мың тонна өнім жиналған. Сондай-ақ, 120 гектар түйежоңышқа алқабы түгел орылып, 156 тонна шөп дайындалды. Орта өнім гектарына 13 центерден айналды.  Қазіргі таңда ескі жоңышқаның 2-орымы басталып, 1433 гектардан 4,5 мың тонна өнім жиналды. Аудандарда мал азығын дайындау жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар, 169,5 мың тонна табиғи шөп дайындалды.
Мәселен, Жалағаш ауданындағы «Байтабын» ЖШС жоңышқаның алғашқы орымынан үш мың тоннадан астам шөп жинап алған болатын. Құнарлы мал азығының бір бөлігі шаруашылық қажетіне қалдырылса, бір бөлігін егістік басынан сатып алып кетуде. Сол секілді осы аудандағы ірі шаруа­шылықтардың бірі «Таң ЛТД» ЖШС және «Ерәлі» ШҚ жоңышқаның екінші орымын бастап кетті. Шаруашылық басшылары шөп түсіміне көңілі толып отырған жайы бар.
Бүгінгі күнге облыс бойынша егілген 3777 гектар күздік бидайдың 3752 гектары жиналып, 9553 тонна өнім алынды. Орта өнім гектарына 25,5 центнерді (2018 жылы 19,5 ц/га) құраса, егілген 4221 гектардың  жарымынан астамы орылып, 2789 тонна өнім алынған. Орта өнім 11 центнерден келуде. Сонымен қатар, 728 гектар сүрлемдік жү­ге­ріге, 531 гектар дәнді жүгеріге үс­теп қоректендіру жұмыстары жүргізілді.
Биыл облыстың ауылшаруа­шы­лық құрылымдарына «ҚазАгро­Қаржы» АҚ арқылы 3 млрд теңгеге лизингтік жолмен 70 техника алу жоспарланып, қазір 74 дана техника сатып алынды. Жоғарыда айтып өткен «Байтабын» ЖШС осындай жолмен екі Claas Lexion комбайны мен «Мак Дон» жаткасына қол жеткізді.
Ал осы жылы облыста 1636 трактор, 806 комбайн, 460 жатка, 323 автомашина және 766 трактор күзгі егін жинау және дала жұмыстарына қатысады деп күтіліп отыр.

«СБ» ақпарат.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 шілде 2019 г. 100 0