Қызылордалық кәсіпкер дәретхана қағазын шығаруда

Сыр өңірі кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы аймаққа айналды. Бұған  аймағымызда кәсіп түрлерінің көбейіп жатқаны дәлел. Қала тұрғыны Ғибрат Байсейітов - кәсіптің жаңа түрін бастауды тәуекел еткен азамат. 

Әрине, дәретхана қағазын шығару аса бір жаңалық болмағанымен, жергілікті жерде бұл кәсіп түрі дамымағаны белгілі. Күнделікті өмірде есепсіз пайдаланатын тұрмыстық заттардың қай-қайсысы да сырттан тасымалданатыны бесенеден белгілі. Целлофан қалта, салфетка, дәретхана қағазы бәрі-бәрі. «Өзімізде қашан өндіреміз?» деген сауал жиі-жиі көтерілгенімен, іс жүзіне аса алмай келеді. Міне, енді бұл сауалдың да жауабы табылғандай. Бір сөзбен айтқанда Ғ.Байсейітов жетекшілік ететін «Қызылорда қағазы» ЖШС тұрмыстық бұйымды өзімізде өндіре бастады. Жаңа іс бастауға кіріскен ол қаланың шет аймағынан шағын цех ашады. Биылғы жылдың ақпан айында қытайлық технологияны іске қосып, «Ақниет» дәретхана қағазын шығаруда.

– Шикізаттың жетіспеушілігінен кәсіпті дөңгелетіп әкету қиындау болғанымен жұмыс жүріп жатыр.  Цехта 5 адам жұмыс істейді. Күніне 2000-ға жуық дәретхана қағазы нарыққа шығуда. Өнім жергілікті дүкендерде бар. Алдағы уақытта өнім көлемін көбейту жоспарымызда бар. Сапасы жағынан Алматыдан шығатын «Народныйдан» кем емес. Бүгінде шикізат мәселесі бойынша келіссөздер жүргізудеміз,– дейді кәсіпкер.

Кәсіпкер шағын да болса өндірісті көбейтуді дұрыс санайды. Бүгінде дайын өнімді сатқаннан гөрі өнім шығаруға бетбұрыс жасайтын уақыт келгенін түсінген ол сапалы өнім шығарып, нарықта бәскелестікке дайын болуға еңбек етуде.

Қоқысқа айналған қағаздан өнім шығаруға білек сыбана кіріскен кәсіпкердің ісіне табыс тіледік.

Гүлмира ДІЛДӘБЕКОВА.

«Сыр бойы»

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 тамыз 2019 г. 873 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Желтоксан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031