Қызылорда: негізгі базалық көрсеткіштер бойынша экономикалық өсім бар

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында 2019 жылғы қаңтар-шілдедегі ҚР әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің орындалуы қаралды, – деп хабарлады primeminister.kz сайты.

«7 айдың қорытындысы бойынша негізгі базалық көрсеткіштер бойынша Атырау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында экономикалық өсімге қол жеткізілді», – деді А. Мамин. 

Үкімет басшысы осы орайда әкімдер мен мемлекеттік органдардың, өңірлердің басшылары соңғы нәтижеге қол жеткізуге және бюджет қаражатын жоспарлы игеруге дербес жауап беретінін атап өтті.

«Елбасы бастамалары мен Мемлекет басшысының қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау үшін инвестицияларды белсенді тартуды, өнімді жұмыс орындарын құруды, экономиканы әртараптандыруды, өнімділікті арттыруды, экспортты ілгерілетуді, технологиялар мен инновациялар трансфертін жалғастыру қажет», – деді ҚР Премьер-Министрі.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 тамыз 2019 г. 406 0