Қызылорда қаласында көмір сататын орындар белгіленді

Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімі қала бойынша тұтынушыларды көмір отынымен қамтамасыз ететін мекемелер тізімін назарларыңызға ұсынады:
- Хон Бен До көшесі бойында орналасқан "Олжас-2005" ЖШС-не қарасты көмір қоймасына «Қаражыра» көмір түрінен 70 тонна (70 тонна жолда);
- М. Шоқай көшесі бойында орналасқан "Қарымсақов" ЖК қарасты көмір қоймасына «Екібатұз» тас көмір түрінен 70 тонна;
- М. Шоқай көшесі бойында орналасқан "БЕК" ЖК қарасты көмір қоймасына «Шұбаркөл» көмір түрінен 70 тонна (70 тонна жолда) көмір түсіріліп, таратылуда.

Бүгінде жоғары сұранысқа ие көмір түрлерінің тоннасы орта есеппен 13 500-14 500 теңге аралығында босатылуда.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 қыркүйек 2019 г. 609 0