Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды

Облыс әкімінің өкімімен Мүбараков Қамбарбек Амангелдіұлы Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Қ.Мүбараков 1973 жылы туған. Қызылорда политехникалық институты мен Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген, «экономист-менеджер» және «заңгер» біліктіліктері бар.
Еңбек жолын Жаңақорған ауданы Өзгент ауылындағы қырманда қарапайым жұмысшы болып бастаған.
1997-2001 жылдары Қызылорда қаласы бойынша салық комитетінде жауапты қызметтер атқарған.
2001-2009 жылдары – Шиелі ауданы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары, Жаңақорған ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы, Қызылорда облысы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары.
2009-2011 жылдары Шиелі ауданы әкімінің орынбасары болған.
2011-2018 жылдары – Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы қызметін атқарды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 қыркүйек 2019 г. 430 0