Егін – ел несібесі

Қызылорда қаласына қарасты Махамбет ауылдық округінде орналасқан егіс алқабында дәстүрлі «Дала күні – 2019» шарасы өтіп, егінге алғашқы орақ түсті.
Бұл – халықтың несібесін арт­тырып, қамбаны қазынаға тол­­тырар, береке мен молшы­лық­тың мерекесі. Ауыл шаруа­­шы­лығы саласы аймақ эконо­микасын дамытудың ба­сым-бағыттарының бірі ретін­де белгіленсе, осы жолда қызыл­ордалықтар агробизнесті және агроөнеркәсіп кешенін дамытуда орасан зор үлес қосып, көш бастап келеді.
Егінге алғашқы орақ түсу рәсіміне Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев арнайы келіп, диқан­дар қауымын құттықтап, күзгі өнім жинау жұмыстарына сәттілік тіледі.
Биыл диқандар 8 421 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын екті. Оның ішінде негізгі дақыл – күріш көлемі  4011 гектарды құрайды.
Қала диқандарының ала жаздайғы еңбегінің арқасында егін осы жылы да бітік шықты.
Егін жинау жұмыстарына барлығы 795 тонна дизель отыны, 159 тонна автобензин, 48 тонна қою май қажетті көлемде қамтамасыз етіліп отыр. Бұл – қол жеткен жетістіктер мен табыстар диқан қауымының ынтымағы мен бірлігінің және еңбек даласында аянбай тер төккенінің, қажырлы қызметінің жемісі екені сөзсіз.

«СБ» ақпарат.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 қыркүйек 2019 г. 259 0