"Қайсар" - "Атырау": Нұр-Сұлтан қаласында финалдық кездесу өтеді

6 қазан күні сағат 15.00-де Нұр-Сұлтан қаласының "Астана-Арена" стадионында ел кубогының "Қайсар" - "Атырау" командалары арасындағы финалдық кездесуі өтеді, - деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Лаура Шоңғалова.

Айта кетейік, "Қайсар" футбол командасы биыл 20 жылдан кейін ел кубогының финалына шықты. Жергілікті жанкүйерлер Нұр-Сұлтан қаласындағы барша қызылордалықтарды аламан матчта күтеді.
Ойын Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 15.00-де басталады.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 қазан 2019 г. 477 0