Қызылордада короновирусқа қарсы оқу-жаттығу өтті

Бірнеше күннен бері дүниені дүрліктірген короновирус індетіне қарсы сақтық шаралары күн сайын күшейтілуде. Елімізде, оның ішінде облыс көлемінде де шұғыл шаралар қабылданып, соған сай іс-қимылдар қолға алынды. Соның бірі –  короновирусқа қарсы бүгінгі оқу-жаттығу.

Қытайдан Қызылордаға қатынайтын тікелей әуе рейсі жоқ. Алайда, ауру белгілері байқалған жағдайда экипаж мүшелері мен санитарлық дәрігерлер әрекеті қандай болмақ? Облыста қауіпті дерт жұқтыру жағдайы анықталған жоқ. Әйтсе де «сақтансаң сақтайтынын» естен шығармаған жөн.  Оқу-жаттығу сценарийіне сәйкес Алматыдан Қызылордаға бет алған ұшақтағы жолаушыдан короновирус белгілері байқалған. Хабар түскен бойда әуежай диспечері барлық емдеу-алдын алу мекемелеріне, жауапты органдарға ақпарат береді. Ұшақ қонған бойда бортқа бірінші консультативтік топ кіріп, науқастың жағдайын біледі. Онымен қарым-қатынаста болған адамдарды анықтайды. Науқасты арнайы капсуламен оқшаулап, жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізеді. Санитарлық қызмет жолаушыларды тексереді. Эпидемиологтар оқыс жағдайда құтқарушы мамандардың жүйелі әрі тиімді әрекет етуі үшін осындай оқу-жаттығудың маңызы зор екенін айтады.

«СБ» ақпарат.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 қаңтар 2020 г. 625 0