Дезинфекция – індетке тосқауыл

Қызылорда қаласында мамандар жұқпалы дерттің алдын алу бағытында көшелер мен нысандарға дезинфекция жасау жұмысына кірісті. Алдымен теміржол вокзалы мен автоквокзал секілді адамдар көп жүретін орындарда атқарылды.
Облыстық жұмылдыру дайындығы бас­қар­масы мен №66597 әскери бөлімі  бірлесіп атқа­ратын залалсыздандыру жұмыс­та­рына жеке құрамның 50 сар­базы тартылған. Бұл мақсатта Қорғаныс министр­лігінің қо­рындағы арнайы сұйықтық қолданылуда.
– Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов төтенше жағдайға байла­нысты өткізген  жедел штаб отырысында карантиндік шараларға қатысты дайындық жұмыстарын күшейтуді, кө­ше­лер мен нысандарды де­зин­­фекциялау шараларын ат­­­қаруды тиісті сала маман­да­­рына міндеттеген еді. Осы тап­­сырмаға сәйкес №66597 әскери бөлімі карантиндік ша­­ра­­ларға қажетті жеке қор­ғану құралдарының есебін нақ­­­тылады. Оны облыстық жұ­­мылдыру дайындығы бас­қар­­­масына ұсынды. Қазы­на­дан қосымша қаржы бө­­лінді. Оған қосымша дезин­фек­­ция­лық сұйықтық пен басқа да жабдықтар сатып алын­ды. Нә­ти­жесінде облыста залал­сыз­дандыру жұмыс­тары қолға алынды. Бұл тұрғындардың ден­саулығы мен қауіпсіздігі үшін маңызды, – деді облыс әкі­мінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жө­ніндегі кеңесшісі Ғалым Тасжанов.  
Елімізде жұқпалы індетке байланысты теміржол қа­тынасына біршама өзгеріс енгізілген.
– Қазір Қызылорда теміржол вокзалы арқылы өтетін пойыздар саны қысқарды. Бұрын тәулігіне 19-ға жуық пойыз өтсе, тәулігіне 7-8-ден аспайды. Алматы бағытындағы по­йыздар Жамбыл облысының Шу стансасына дейін ғана барады. Теміржол вокзалында санитарлық шараларға ерекше мән берілуде. Бұл жұмыстар екі сағат сайын атқарылады. Перронға вокзал ғимараты арқылы өтетін бір жол бар. Ондағы мамандар арнайы термометрмен жабдықталған. Қалған бөлігіндегі жол жабық, – деді теміржол вокзалының бастығы Жарас Қойшығұлов.  

«СБ» ақпарат.
АҚПАРАТ 27 наурыз 2020 г. 69 0