4 жылда Қызылорда балығының экспорты 3 есе артты

49

0

4 жылда Қызылорда балығының экспорты 3 есе арттыБұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев 15 ақпанда тұрғындармен есепті кездесуде хабарлады.
– «САРАТС» жобасының бірінші кезеңінің іске қосылуының арқасында балық шаруашылығы серпінді дамуда. Соңғы екі жыл қатарынан Арал ауданының Қамбаш көлі жағалауында біз балықшылар слетін өткізіп келеміз. 2016 жылы өңір балық саласының өкілдері жетістіктерін ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнады. Өйткені, осы жылдары аймақтың балық шаруашылығы қарқынды дамыды, – деп атап өтті облыс басшысы.
Нәтиже өз жемісін берді. Соңғы 4 жылда ғана балық өндіру көлемі 65 пайызға өсіп, оны өңдеу көлемі 2,5 есе, балық өнімдерінің экспорты 3 есеге артты. 2016 жылы қаңтар айында «Байқоңыр» ӘКК қатысуымен Арал ауданының Қарашалаң ауылында жылдық қуаттылығы 900 тонна болатын балық сервистік дайындау орталығы пайдалануға берілді.
Сонымен бірге, қызылордалық кәсіпкер ресейлік әріптестерімен бірлесіп Ульянов облысынан балық өңдейтін зауыт салып, бүгінде Ресей нарығында белсенді еңбек етуде.
Біз, әрине, «САРАТС» жобасының екінші кезегіне үлкен үміт артамыз. Сондықтан Үкіметпен бірлесіп осынау ауқымды жобаның тезірек басталуына жұмыс жасаудамыз. Үстіміздегі ақпан айында Шымкент қаласында өтуге тиісті қазақ-өзбек жұмыс тобының екінші мәжілісінде Дүниежүзілік банк арқылы жүзеге асырылатын жобаның екінші кезегіне өзбек ағайындар келісім беріп, мәселе оң шешімін табады деген ойдамын.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз