ТҮРКИЯМЕН ДОСТЫҚ ЖӘНЕ БАУЫРЛАСТЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ӨТЕ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ

ТҮРКИЯМЕН ДОСТЫҚ ЖӘНЕ БАУЫРЛАСТЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ӨТЕ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕОсы аптаның бейсен­бісінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға мем­лекеттік сапармен келген Түркия Республикасының Пре­зиденті Реджеп Тайып Ердоғанмен кездесті.

 
Кездесу барысында қазақ-түрік қарым-қатынасын одан әрі нығайту, байланыстардың кең ауқымы бойынша өзара ық­палдастықты арттыру мәселелері талқыланды. Екі елдің Мемлекет басшылары сауда-экономикалық, ин­вес­тициялық, өнеркәсіптік, көлік-транзиттік және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыстарды тереңдету жолдарын қараcтырды. Мемлекет басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті жайттарды да қозғады. 
Қазақстан Президенті екі ел арасында орнаған достық және бауырластық қарым-қатынас өте жоғары деңгейде екенін атап өтті.
– Сіздің басшылығыңызбен Түр­кия соңғы 12 жылда зор та­быстарға жетті. Ол эко­но­ми­ка­лық көрсеткіштері жағынан әлем­де 16-орында, бұл – бүкіл халықтың еңбегі және Сіздің күш-жігеріңіздің нәтижесі, – деді Қазақстан Президенті.
Р.Ердоған Қазақстан Прези­ден­­тіне былтыр Түркияға сапармен келіп, инаугурация рәсіміне қа­тысқаны үшін ризашылығын білдірді.
– Әлемдегі күрделі эконо­микалық ахуал жағдайында Қазақстан қарқынды дамып, елеулі табыстарға жетуде. Бұл бізді қуантады. Сондай-ақ мұнда таяуда Президенттік сайлау өтеді. Мен Сізге зор табыс тілеймін, – деді Түркия Президенті.
Мемлекет басшылары Қазақ­стан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің екінші отырысына қатысты.
Екі ел басшысының қаты­суы­мен өткен отырыс барысында түрлі салалардағы екіжақты ықпал­дастықты нығайту мәсе­лелері, сондай-ақ «Жаңа Синергия»  бірлескен экономикалық бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі бағыттары қарастырылды. Н.Назарбаев Р.Ердоғанның елімізге әр сапары екі елдің қарым-қатынастарын нығайтуға бағытталған елеулі табыстарға толы болып келетінін атап өтті.
Қазақстан мен Түркия Президенттері қазақ-түрік бизнес форумында болды. Іс-шараға екі елдің іскер топтарының 400-ден астам өкілі қатысты. Бизнес форум аясында Қазақстан мен Түркия Президенттері өнеркәсіптің түрлі салаларындағы түрік компанияларының инвестициясы арқылы жүзеге асырылған, болашағы бар 25 жобаны таныстырды.
***
Кеше, 17 сәуірде Түркия Республикасының Президенті Р.Ердоғанның мемлекеттік сапары аясында екі елдің мемлекет басшылары Түркістан қаласына келді. Онда Қазақстан мен Түркия Президенттері «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени мұражайында болды. Нұрсұлтан Назарбаев пен Реджеп Ердоған Түркістандағы жаңа мешітке барды.
 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 сәуір 2015 г. 1 085 0