7 МАМЫР – ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ МЕН 9 МАМЫР – ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 72 ЖЫЛДЫҒЫ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАТЫН ІС-ШАРАЛАР БАҒДАРЛАМАСЫ

227

0

2-10 МАМЫР
«Сталинград», «В июне 41-го», «Небо в огне», «Батальон» көркем фильмдерінің көрсетілімі. Қызылорда қ., Қарттар үйі.
3-7 МАМЫР
Сағат 10:00. «Казахстанская армия глазами детей» тақырыбында шығармалар және суретшілер байқауы. Қызылорда қаласы және аудандық оқушылар үйлері.
3 МАМЫР
Сағат 11:00. 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған «Ұлттық рухтың қайнары» атты кітап көрмесі. Қызылорда қ., Ә.Тәжібаев атындағы кітапхана.
Сағат 11:00. «Отан қорғау – парызың» атты мерекелік шара (кітап көрмесі, концерт). Қызылорда қ., Облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы.
4 МАМЫР
Сағат 17:00. ҚР Қарулы күштерінің 25 жылдығы аясында «Әскерге бару – азаматтық парызым» атты әскер қатарына шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі. Қызылорда қ., Жалаңтөс баһадүр ескерткіші алаңы.
Сағат 10:00. Соғыс және еңбек ардагері, кәсіптік білім беру саласының ұлағатты ұстазы Смағұл Ысқақовты еске алуға арналған техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары оқушылары арасында тоғызқұмалақтан облыстық  турнир. Қызылорда қ., Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі ғимараты.
5 МАМЫР
Сағат 10:00. «Қаһарман Ұлт» – «Нация героев» жалпыреспубликалық акциясы. Облыстық жоғары, кәсіптік техникалық-білім беру ұйымдары.
Сағат 15:00. «Ұлы Жеңісті ұмытпайық, ұрпақтар» атты кітап көрмесі. Қызылорда қ., «Ақмешіт» музейі.
Сағат: 17:00. 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне және 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған мерекелік салтанатты шара. М.Көкенов атындағы Жаңақорған аудандық мәдениет үйі.
Сағат: 17.00. 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты шара. Шиелі аудандық мәдениет үйі.
6 МАМЫР
Сағат 10:00. Жас ұландықтардың әскери-патриоттық слеті. Жалағаш ауданының орталық алаңы.
Сағат 11:00. Облыс әкімі Қ. Көшербаевтың Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен, әскери қызметкерлермен кездесуі. Қызылорда қ., А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйі.
Сағат 11:00. Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңіс күніне арналған мерекелік шара. Қызылорда қ., А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйі.
Сағат 11:00. ҚР Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған «Елім деп соғар жүрегім» атты жалпы республикалық жастар флешмобы. Қызылорда қаласы және аудандардың орталық алаңдары.
Сағат 11:00. «Желбіресін, мәңгі Жеңіс Туы!» атты музей қорындағы құнды экспонаттардың фотокөрмесі. Қызылорда қ., А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үй.
Сағат 16:00. «Ұранды ердің ұрпағы қайсар» атты салтанатты жиын. Арал аудандық мәдениет үйі.
6-15 МАМЫР
Сағат 11:00. «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс» аты кітап және «Ерлік – елдіктің тұғыры» атты виртуалды көрмелері. Қызылорда қ., Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапхана.
6-7 МАМЫР
Сағат 15:00. Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай Кеңес Одағының батыры Т.Көмекбаевтың атындағы самбодан халықаралық мемориал. Қармақшы ауданы Жосалы кенті, аудандық спорт кешені.
7 МАМЫР
Сағат 9:00. Ұлы Жеңіске 72 жыл толуына арналған мектеп оқушылары және колледж студенттері арасында жеңіл атлетикалық аралас эстафета жарысы. Қызылорда қ., «Мәңгілік даңқ» мемориалы
Сағат 10:00. Ауғанстан соғысына, Семей атом полигонына және Чернобыль атом электр станциясы зардабын жоюға қатысқан азаматтарға арналған ескерткіштердің ашылу салтанаты. Арал қаласы, Бақтыбай батыр көшесінің бойы.
Сағат 10:30. ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына орайластырылған әскери парадтың тікелей эфирдегі көрсетілімі. Қызылорда қ., А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйі және аудандардың мәдениет үйлері.
Сағат 11:00. Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына орайластырылған патриоттық шара. Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінің орталық алаңы.
Сағат 11:00. «Ел мен ердің жеңісі» атты экскурсия-сабақ. Қызылорда қ., Облыстық тарихи-өлкетану музейі.
Сағат 11:00. Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңістің 72 жылдығын мерекелеуге арналған ұлттық ат спорты түрлерінен жарыстар. Арал қаласының ипподромы.
8 МАМЫР
Сағат 11:00. «Мен – қазақтың сарбазымын» атты патриоттық әндер концерті. Қызылорда қ., Облыстық филармония.
Сағат 11:00. Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен, интернационалист жауынгерлермен, әскери қызметкерлермен «Ерлік тағылымы» тақырыбында кездесу. Қызылорда қ., Көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжі.
8-13 МАМЫР
Сағат 11:00. «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» атты фотокөрме. Қызылорда қ., Облыстық тарихи-өлкетану музейі.
9 МАМЫР
Сағат 10:00. Ұлы Отан соғысы ардагерлерін еске алуға, ардагерлерді құттықтауға арналған мерекелік шара және «Жасампаз жасақ» шеруі. Қызылорда қаласының және аудандардың «Тағзым» алаңдары.
10 МАМЫР
Сағат 10:00. «Ғасыр қасіретін арқалаған арыстар» тақырыбында интеллектуалдық сайыс. Қызылорда қ., Оқушылар сарайы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз