8 балық өңдеу зауыты жұмыс істеп тұр

215

0

8 балық өңдеу зауыты жұмыс істеп тұрАймағымызда жылдық қуаттылығы 11 мың тонна болатын 8 балық өңдеу зауыты жұмыс жасауда. Бұл туралы облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасында өтіп жатқан тікелей эфир кезінде айтты.
Осының нәтижесінде өткен жылы облыс бойынша 7200 тонна балық ауланып, балық өнімдерінің экспорты соңғы төрт жылда 5 есеге артты.Елбасының бастамасымен қолға алынған «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының бірінші бөлігінің жүзеге асырылуы нәтижесінде Арал өңірінің балық шаруашылығының дамуына үлкен мүмкіндіктер жасалған. Осының арқасында бүгінгі күні балықтың 24 түрі қайта келіп, балық аулау көлемі 400 тоннадан 8000 тоннаға дейін ұлғайды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз