АКАДЕМИКТІҢ АСУЫ

211

0

 АКАДЕМИКТІҢ АСУЫБұдан бұрын хабарлағанымыздай, жерлестеріміздің бір тобы жуырда ҰҒА академиктері мен мүше-корреспонденттері болып сайланған еді. Осыған орай ғылым биігіне шыққан ғалымдарымызды оқырманмен жете таныстыру мақсатында мақалалар жариялайтын боламыз.
Қазіргі озық технологияға таңданыс жоқ ғой, анау Алматыдағы ағамен телефонмен тілдесіп, танысып, ортақ ойдың мәселесін лезде шешіп алдық. Байыпты кісінің дәйекті сөзі нақтылықты сүйеді екен, сөз салмақты, ой орнықты жүрді.
– Қазақ айтқандай, «Әке – балаға сыншы» ғой, әкем Баеш пен ¬шешем Нұрынса алғыр баласының сапалы және жүйелі білім алғанын арман еткен ¬болар, Жаңақорғанда төрт сыныпты аяқтаған соң республикадағы ең әсем және өндірісі дамыған қаланың бірі – Кентауда оқығанды жөн көрді. Осылай 1964 жылы Кентаудағы №2 мектеп-интернатты ойдағыдай бітірдім. Менің сыныптастарымның ішінде сазгер Сейдолла Бәйтереков пен «Дос-Мұқасан» ансамблінің жетекшісі Досым Сүлеев бар еді. Жалпы, жанымыз өнерге жақын, сезімге толы болды, – деп кешегі күндер естелігін ақтарды.
Бұл кісі Қазақстан Республикасының ғылым, техника және білім саласы бойынша Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,Қазақстан Респуб¬ликасының Ұлттық Ғылым академиясының академигі Әбдуәлі Баешов болатын. Жақында ғана үлкен ғылыми атаққа ие болып, жерлестері мақтаныш санап, арнайы сәлем беріп, сұхбатқа шақырдық. Әңгіменің ауаны осылай жүрді.
Сәл шегініс: Ол 26 сәуір 1946 жылы Жаңақорған станциясында ¬дүниеге келді. Саналы ғұмырының 45 жылдан астам уақытын химия, электрохимия, гидроэлектрометаллургия және экология ғылымы мен білім беру салаларына арнаған. Бүгінгі күні 1300-ден астам ғылыми-әдістемелік еңбегі, оның ішінде жиырма жеті ғылыми, ғылыми көпшілік және оқу-әдістемелік, оқулық кітаптары мен монографиялары жарық көрді. Сондай-ақ 200-ден аса кеңес Одағының авторлық куәлігінің, Қазақстан Республикасының және шетел патенттерінің (АҚШ, Қытай, Канада, Ұлыбритания, ¬Австрия, Гол¬лан¬дия, Венгрия және т.б) иесі. Ғылым¬дағы күрделі зерттеулері мен практикалық қолданыс тауып отыр¬ған көлемді еңбектері үшін «Кеңес Одағының өнертапқышы» құрмет бел¬гісі және «Қазақстанның еңбек сіңір¬ген өнертапқышы» атағы берілді. Кеңес үкіметі кезінде екі патентке өте тапқыр шешім болғандықтан, Мемлекеттік патенттеу комитетінің шешімімен автор есімі берілді. Ғалым¬ның электрохимия және экология сала¬ларындағы ғылыми жұмыстары тек республикада ғана емес, жақын және алыс шет елдерде де кеңінен белгілі. 
Академик атағын армандамайтын ғалым жоқ, бәрі де болғысы бар. Бірақ бұл атаққа жетудің жолы ұзақ және өте қиын. Оны өздері де біледі.  Инемен құдық қазғандай өлшеусіз еңбектің, көз майын тауысқан ғылыми ізденіс пен терең зерттеудің нәтижесі. Кейбіреу одан «Неге Баешовтар әулетінің көпшілігі химия мамандығын тандаған?» деп сұрағанда, ол былай деп жауап береді: «Шамасы, бұл біздің әкемізден бастау алып келе жатқан кәсіп сияқты. Әкеміз әріп білмейтін шаруа адамы болса да, кезінде үйге керекті сабынды, желімді, әкті, бояуларды, кейбір кезде мектепке қажетті борды әртүрлі тәсілдермен ала беретін. Соған қарағанда, әкеміз химиялық процестерді сол кезде түсіне білген. Ал бұл қасиет бала, немерелеріне дарыған болуы керек» дейді.
Шынында, Әбдуәлі Баешұлының екі ағасы Аблах және Пайзлах Баешовтар – жоғары білімді химик, олар Кентау қаласының мектептерінде 30-40 жылдан химия пәнінен дәріс ¬берген ұстаз. Ал, жұбайы Ажар Қоспанқызы ¬Баешова Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық универ¬ситетінің химия факультетін бітірген, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Ал, қызы Салтанат осы университеттің химия факультетін үздік бітірген, химия ғылымдарының кандидаты. Ұлы Қаныш мемлекеттік қызметте.  
Мына оқиғаны қараңыз, запастағы офицер шені бар Әбекең химия-металлургия институтында бір жылдан аса уақыт жұмыс істеп жүрген кезде, әскери комиссариаттан «әскер қатарына қызмет етуіңіз керек» деген шақырту қағазы келеді. Жас ғалымның ғылыми жұмыстарына риза болған профессор  Евней Бөкетов шәкіртін әскерге жібермеу үшін барлық күшін салады. Аудандық, қалалық, облыстық әскери комис¬сариаттарға телефонмен хабарласып:
– Ағайындар-ау, құдайға шүкір, соғыс болып жатқан жоқ, бұл азамат етік киіп, әскер қатарында қызмет еткеннен гөрі ғылыми жұмыспен шұғылданса, елімізге көп пайда келтіре алатындығына менің сенімім мол, – деп өз уәжін айтады.
– Ебеке, сіздей ғұлама ғалым бұл жас жігіт¬ке осынша сенім артып отырса, бізге неге қол¬дамасқа, алайда бізде заң қатаң, бірақ оның амалын қарастырайық, – дейді.
Әскери комиссариат ¬басшыларымен келі¬сім¬ге келген бойда ұстазы Бөкетов Әбекеңе аспирантураға түсуге өтініш жазып, 10-15 күннің ішінде барлық емтиханды тапсыру керектігін ай¬тады. Ереже бойынша күн¬дізгі бөлімнің ас¬п謬ранты әскер қатарына ша¬қы-рылмайды. Сө鬬тіп, профессор Е.А.Бөкетов ¬болашағы¬нан ү묬¬кен ғылыми жетістік күткен шәкірті¬ ¬Ә.Баешовқа ғылымның үлкен жолына түсуіне бар¬¬лық мүмкіншілігін жасайды. Осылай ¬Евней Арыстанұлы: «Әбдуәлі, мен сенен үлкен ғылыми табыстар күтемін, оған жететініңе де күмәнім жоқ. Құдай сені қолдасын», – деп батасын береді.
Қарағандының химия-металлургия ғылыми-зерттеу иститутында Әбекең 22 жыл жұмыс істеген кезде, өзінің туып-өскен жері Түркістан қаласында А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік уни¬вер¬ситеті ашылды. Университет ¬ректоры, академик М.Жұрыновтың шақыруымен Ә.Баешов оқу орнының Кентау бөлімінің ¬экология факультетінің деканы қызметіне ауысады.
Сәл шегініс: 1991 жылы универси¬теттің құрамында ашылған экология факультеті Кеңес Одағында ашылған екінші факультет болатын. 1990 жылы Қазан мемлекеттік университетінің құрамында 25 жыл жұмыс істеп ¬келген экология кафедрасы негізінде бірінші экология факультеті ашылған екен. Сол себепті эколог мамандарын дайындаудың шешімін таппаған күрделі проблемалары шексіз көп еді.
 Бітер істің басына, жақсы келер қасына деген бар, бір кездері жас маман ретінде жұмыс істеп жүрген зертхананың меңгерушісі, техника ғылымдарының докторы, ¬профессор Марк Залманович Угорец: «Әбдуәлі, сен таби¬ғаттың әдейілеп жаратқан ең қатты, ең мықты және ерімейтін металы – титанды фундамен¬тальды зерттеулер негізінде тас-талқанын шығарып, қант сияқты еріту амалдарын тап¬тың, бұл сенің адал теріңді төгіп, тапқыр тәжірибелер нәтижесінде жеткен жемістеріңнің бірі, сон¬дықтан да мен сені «ғылыммен шұғыл¬дансын» деп құдайдың әдейілеп жарат¬қан адамдарының бірі деп есептеймін» деп ризашылығын біл¬діріпті. Бұл жас ғалымды қолдап, қанаттан¬дырған бағалау болатын.
Оның ғылыми жетекшілігімен жүргізілген фундаментальды зерттеулер негізінде өте майда мыс ұнтағын алудың принципиальды бірнеше жаңа әдістері жасалды. Алынған мыс ұнтақтарының майдалылығы соншалықты, оның біраз бөлігі электролитке батпай, жүзіп жүре алады. Кеңес Одағының Мемлекеттік патент комитетінің шешімімен принципиальды жаңа әдіске «Мыс ұнтағын алудың Баешов-Жұрынов әдісі» деп авторлық куәлік беріледі. Бұл жұмыстың нәтижесі Ә.Баешовтың тікелей қатысумен Ресейдің Верхняя Пышма қаласындағы тау-кен комбинатында сынақтан өтті. Ресейде мыс ұнтағын алумен шұғылданған мамандар: «Егер мұны өз көзімізбен көрмесек, қарапайым электролиз процесі арқылы осын¬шалықты майда мыс ұнтағын алуға бола¬тындығына сенбес едік» деген еді. Ал, академик А.Жарменов: «Электролиз әдісімен суға батпайтын өте майда мыс ұнтағын алған дүние жүзіндегі алғашқы адам, ол – профессор Ә.Баешов» – деді.
Ол Кентау қаласының құрметті азаматы. Әр кездерде Орталық Қазақстан ғылыми орталығындағы, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіндегі, Әл-Фараби атын¬дағы Қазақ ұлттық университетіндегі, Минералды шикізаттарды кешенді ұқсату ұлттық орталығы және Д.В. Сокольский атындағы органикалық катализ және электрохимия инс¬титутындағы кандидаттық және докторлық ғылыми дәреже беретін Диссертациялық кеңес¬тің мүшесі болды.
Ұлттық зияткершілік меншік институтының шешімімен екі патентіне «Энергияны түрлен¬діретін Баешов қондырғысы» және «Энергия тасымалдайтын Баешов қондырғысы» деп ат қойылды.  
2012 жылы Оксфорд университетінің (Ұлы¬британия) Сократ атындағы Номинация¬лық комитетінің шешімімен А.Баешов «Ғылым-дағы белгілі есім» («The Name in Science») атты құрметті марапатқа және «Әлем ғы¬лымы¬на қосқан үлесі үшін» деген белгі мен дипломға ие болды. Сонымен қатар Әбекеңнің есімі аса көрнекті ғалымдардың Дүниежүзілік реестріне енгізілді. Осы жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген Өнертапқышы» атағын алды. 2015 жылы «Қоғамда танымал болу» («Общественное признание») Халық сыйлығының лау¬реаты атанды.  
Әбекеңнің еңбегіне лайық атақ жетерлік. Оны тізбектесек, ұзақ-сонар тіркеске айналады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Ұлттық жаратылыстану академиясының академигі, Халықаралық ақпараттандыру академиясының толық мүшесі секілді жалғаса береді. Ол 2013 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясына корреспондент-мүше болып сайланып еді, енді академик асуына шықты.
2006 жыл сәтті жылдың бірі. Осы жылы тәуелсіз елдің «Құрмет» орденімен марапатталып, Е.А. Букетов атындағы сыйлықтың лау¬реаты атанды. «Қазақстан Республикасының ғылымына сіңірген еңбегі үшін»  медалімен, Евразиялық  патенттеу мекемесінің «Өнертап¬қыштық және патенттеу жұмыстарына сіңір¬ген еңбегі үшін» берілетін В.И.Блинников атындағы алтын медалімен марапатталды. Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетте өзі ашқан және дамытқан хи¬миялық зертханалық кешен Әбдуалі Баешовтың есімімен аталады. 
Академик 2005 жылы органикалық катализ және электрохимия институтынан кейінгі он жылда, оның жетекшілігімен 1 ғылым докторы, 18 ғылым кандидаты, 7 PhD докторлық диссертациялары қорғалды, 7 оқулық пен оқу құралы, 1 шет елде шығарылған монография, ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған журналдарда  және Scopus базасындағы халық¬аралық ғылыми басылымдарда  500-ден астам ғылыми мақала жарық көрді, 80-нен астам Қазақстан Республикасының патенті алынды.
2005 жылы Д.В.Сокольский атындағы Орга¬никалық катализ және ¬электрохимия ғылыми-зерттеу институтының директоры және Ұлттық Ғылым академиясының президенті, академик М.Жұрынов А.Баешовты Алматыға жұмысқа шақырады. Міне, сол  жылдан ол институтта жұмыс атқарды. 2009-2012 жылдары осы институттың Бас директоры болды, ал 2012 жылдан бастап электрохимиялық технологиялар лабораториясының меңгерушісі қызметін атқарып келеді.
Осы институтта А.Баешов электрохимия ¬саласында ынты-шынтысымен жұмыстар орындап, біраз ғылыми нәтижеге қол жеткізді. Платина, палладий, родий элементтерінің айнымалы токпен поляризациялау негізіндегі еруі және бұл қымбат металдардың ұнтақтарының түзілу механизмдері жан-жақты зерттелді. Олардың жаңалықтары патенттермен қорғалды. Сол секілді   молибден, вольфрам, индий, висмут, селен, күкірт, никель, мырыш, темір және т.б. металдардың стационарлы және стационарлы емес токтармен поляризацияланған кездегі электрохимиялық қасиеттері жан-жақты зерт¬теліп келеді.
Академик А.Баешовтың ғылыми жетекші¬лігімен Атырау, Шымкент, Павлодар мұнай өңдеу зауыттарынан шыққан ластанған суды тазалау тәсілі пилотты және үлкейтілген өнді¬рістік сынақтан өтіп жатыр. 
 Көптеген лабораториялық зерттеу негізінде түсті және қымбат металдардың рудасын фло¬тациялық байыту кезінде, флотореагент ретінде қолданылатын натрий және кальций сульфидін алу технологиясы жасалынып, ол Балхаш тау-кен комбинатында үлкейтілген лабораториялық сынақтан ойдағыдай өтті. 
Мұнай өндіру кезінде түзіліп, көп мөлшерде жақын территорияларда жинақталған күкіртті А.Баешов ең алдымен құнды шикізат ретінде қарастырады. Химиялық реакцияларға оңай¬лық¬пен түсе қоймайтын, электрохимиялық бел¬сенділігі де өте төмен күкіртті жаңадан ой¬лап тапқан әдістерімен ерітіп, содан сулы ерітінділерде пайдалы қосылыстар алу технологиясын жасады. Сонымен қалдық ретінде жинақталған күкірттен флотореагенттер алу –  әлемдегі жаңа технологиялардың бірі болып тұр. Бұл әдістің жаңалығы бірнеше патенттермен қорғалды. Айта кететін мәселе: ¬натрий және кальций сульфидтері Қазақстанда өндірілмейді, ол өте қымбат бағамен Ресейден және Қытайдан сатылып алынады. 
Әбекеңнің ұстазы, ғұлама ғалым Евней Арыстанұлы ғылыми жұмыстармен бірге жазушылық кәсіппен шұғылданғаны көпшілікке мәлім. Евней ағаның әдебиет саласындағы жазып кеткен кітаптары жеткілікті. Ұстазына еліктеген Әбекең музыка саласында да өз үлесін қосып жүр. Көптеген музыкалық аспаптарда шебер ойнайды, өзінің ой-толғаныстарын күй, ән түрінде де халыққа жеткізіп жүр. 1996 жылы «Яссауи толғауы» атты күйлер жинағы Алматыдағы баспадан шықты. Бұл күйлер жинағына «Яссауи толғауы», «Түркістан», «Тұран», «Репрессия», «Ұстаз», және де басқа күйлері енгізілді. Әбекеңнің жазған «Гүл ару», «Өмірімнің жұлдызы», «Өмір-өлең», «Түркістан жастарының вальсі» және тағы басқа өлеңдері еліміздің оңтүстік өңірінде жиі айтылып жүр. Әбекеңнің «Өмір-өлең» әні облыстық «Арай» ән-күй фестивалінде екінші орын алса, Кентау аймағы композиторларының конкурсында «Түркістан жастарының вальсі» әні бірінші орын алды.
Академиктің студенттерге қажетті оқу¬лықтар дайындауға үлкен көңіл бөледі. Мысалы, өзі және шәкірттерімен бірге бірнеше оқулық жазды. Атап айтқанда, «Қоршаған орта химиясы», «Экология негіздері», «Практикум по химии окружающей среды», «Электрохимия негіздері», «Биоорганикалық химия практикумы», «Экология және таза су проблемалары», «Физика-химиялық анализ әдістері», «Электрохимиялық анализ әдістері», «Қоршаған орта химиясы бойынша тестік тапсырмалар жинағы» секілді оқулықтар студенттер үшін таптырмас көмек құралы болып тұр.
Жалпы, Сыр елінің сардар ұлы, қазақтың мақтанышы, химия саласының білгірі Әбдуәлі Баешов туралы тағылымды ой тарқату мұнымен шектелмейді. Бұл академик асуының бастауы ғана. Алда терең толғанатын тәмсіл ойлар жазыла береді. Ең бастысы, ғылымның биігін бағындырған ел ағасының еңбегі өшпейтін із қалдырды.
Қаныбек ӘБДУОВ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз