ҚАЛА ТОЛЫҚТАЙ ТАЗА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

46

0

ҚАЛА ТОЛЫҚТАЙ  ТАЗА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫҚызылордалықтар
желтоқсан айынан бастап Сырдария суын ауыз суға пайдаланбайтын болады.
«Қызылорда қаласындағы ауыз су және кәріз жүйелерін, ғимараттарын қайта
жаңғырту және кеңейту» жобасы негізінде «Дала» су тоғанының құрылысы
жүргізілді. Мұнда тереңдігі 520 метр болатын 20 су бұрғылау ұңғымасы салынды.
Облыс орталығына дейін 22 шақырым су жүйесі тартылып, бірінші және екінші сорғы
станциялары, 2000 текше метрлік төрт су қоймасы пайдалануға берілді.

Осы
кезге дейін облыс орталығының халқы тіршілік нәрін «Қызылжарма» жерасты су қорынан
және биологиялық тазаланған өзен суынан алатын. Енді «Дала» су тоғаны арқылы
тек жерасты суын тұтынатын болады. Тоғанның жалпы құны 2 млрд 600 млн теңгені
құрайды. Су тоғаны іске қосылғанда қала халқын 100 пайыз жерасты суымен
қамтамасыз етеді.

Қаланың
бас су тоғанындағы қуаттылық, күн өткен сайын төмендеп келеді. Мұндағы суды
сүзгіден өткізетін, әрі оны сорып алатынстансалар тәулігіне төрт сағат
қана іске қосылады. Сондықтан қала тұрғындарына жер астынан және өзеннен
алынған аралас су беріліп келген еді.


Сырдария өзенінен алып жатқан судың сапасы кермектеу, санитарлық нормаларға
сәйкес келмейді. Арасында ғана болмаса, бірыңғай «Қызылжарма» жерасты су
кенішінен беріліп жатыр – дейді бас тоған базалық зертханасының инженер-химигі
Нәзипа Боранбаева.

Осы
жылғы 1-желтоқсаннан бастап қалалықтар таза ауыз суды пайдаланатын болады. Бас
су айдау алаңындағы насос станциялары мен бірнеше жылға төзімді су сорғылары
Еуропадан әкелінген сапалы дүниелер.

«Дала» су тоғаны іске қосылғанда, қалаға сағатына 520 текше метр ұңғымадан таза су
айдалатын болады. Қазір мұнда жұмыс істеп тұрған 71 ұңғыма бар. Енді жаңасы мен
жөндеуден өткендерін қосқанда олардың саны 120-ға жетпек. Ауыз су саласының
мамандарының айтуынша, «Қызылжарма» жерасты суы таза, оны еш­қандай сүзгіден
өткізудің қажеті жоқ.

Қала
тұрғындарының тәулігіне ауыз суға қажеттілігі 58 мың текше метр. Әзірше жерасты
су көздері 35 мыңға жуығын қамтамасыз етуде.

Нұрбек САҒАТҰЛЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз