
Қала қонақтары мен тұрғындары саябақтың орталық алаңындағы сахнада М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледж студенттерінің концерттік бағдарламасын тамашалады. Кітапхана қызметкерлері флешмоб ұйымдастырып, жазғы кітап¬хананың ашылу салтанатын өткізді. Бала¬лардың жаз мезгіліндегі бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында жұмыс жасайтын жазғы кітапхананың кітап қоры А.Пушкин атындағы орталық кітапхана және жүйеге қарас¬ты №12 кітапхана қорларынан, мерзімді басылымдардан құралған. Кітапхана жаз бойы оқырмандар назарына түрлі жанрдағы кітаптар, жаңа газет-журнал басылымдарын ұсынады. Кітапханашылар жаздың жайма шуағында кітапты ғимараттың ішінде емес, таза ауа¬да оқығанды ұнататын оқырмандарға ертегілер оқып беріп, олармен түрлі қызықты ойындар ұйымдастырады. Кітапханада қалалық кітапхана қызметкерлері кестеге сәйкес күнделікті сағат 17.00-22.00 аралығында жұмыс жасайтын болады.
Кешқұрым «Олимп» спорттық балалар студиясының шәкірттері концерттік бағдарламасын халық назарына ұсынды. «Нұрсәт» триосы концерт қойып, кеш соңы жастар биімен аяқталды.
Ш.ЖАМАЛТЕГІ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!