ҚАЛАМЫНДА УАҚЫТТЫҢ БЕДЕРІ БАР

106

0

ҚАЛАМЫНДА УАҚЫТТЫҢ БЕДЕРІ БАРБейсенбі күні А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде Байланыс және
ақпарат қызметкерлері күні мерекесіне орай «Қанатты қалам-2015» фестивалі болып
өтті. Оған облыстағы барлық БАҚ өкілдері қатысты. Төртінші билік өкілдерін төл
мерекесімен облыс әкімі Қырымбек Көшербаев құттықтап, осы саланың үздіктерін
марапаттады.

– Құрметті журналистер қауымы, сіздерді айтулы мерекелеріңізбен шын
жүректен құттықтаймын! Аймағымыздың имиджін көтеруде елеулі үлес қосып келе
жатқан БАҚ өкілдерінің еңбегі зор. Қазақ әдебиетінің майталманы атанған Ахмет
Байтұрсынов «Баспасөз – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп бекер айтпаса
керек. Бұл сала халық пен билік арасында алтын көпір саналады. Себебі,
аймағымыздың тыныс-тіршілігін бейнелеп, жеткізуде БАҚ саласы маңызды рөл
атқарып келеді. Тарихы әріден басталатынмамандықтың деңгейі күн өткен сайын артуда. Бүгінгі таңда өңірімізде 91
бұқаралық ақпарат құралы бар. Олардың әрқайсысының өзіндік бағыты мен алар орны
ерекше. Сондай-ақ, мемлекеттік тапсырыс негізінде бөлінетін қаржы соңғы 3 жылда
3 есеге артып отыр. Атап айтар болсақ, биылғы жылы аталмыш салаға 638 миллион
теңге қаржы қаралды. Оған қоса өңірде жас журналистердің шеберлігін шыңдау
мақсатында түрлі семинар-тренингтер ұйымдастырылып келеді. Тағы бір айта
кетерлігі, ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық
филиалы ашылып, онда журналистерге арнап баспасөз мәслихаттары, брифингтер
ұйымдастырылып, тиісті жұмыс атқаруда. Мереке қарсаңында баршаңызға
шығармашылық табыс тілеймін, – деді аймақ басшысы.

Сонымен қатар дәстүрлі шара барысындақызығы мен қиындығы мол саланың қазанында қайнап, қауым өкілдері әртүрлі
марапатқа ие болды. Мерекеде журналистер облыс әкімінің алғыс хатымен және түрлі номинациялармен
ұлықталды. Облыс басшысы үздіктерге арнайы дип­лом мен бағалы сыйлықтар табыс етті. Бұл марапатқа біздің «Сыр бойы» газетінің
тілшілер қауымы да ие болды. Мәселен, «Үздік әмбебап тілші» номинациясымен Арал, Қазалы аудандарындағы меншікті тілшіміз
Жұмабек Табынбаев, «Үздік сайт беттеуші» номинациясымен Дәурен Омаров,
Қазақстан Журналистер одағының арнайы дипломымен Ыдырыс Тұрлығұлов пен
«Қазақстан халқы Ассамблеясына – 20 жыл» мерекелік медалімен Мейрамгүл
Дауылбайқызы марапатталды. Және де шара соңында жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп
келе жатқан С.Бермағанбетов атындағы байқау қорытындысымен үздік журналистер
анықталып, жеңімпаздар сый-құрметке бөленді.

Мерекелік кеш БАҚ өкілдерінің концерттік бағдарламасымен жалғасын
тапты.

 

Сара ҚОРҒАНБАЙҚЫЗЫ.
 

БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ АҚПАРАТ
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙМАРАПАТТАЛҒАНДАР

Қазақстан Республикасы Прези­ден­тінің Жарлығы бойынша
«Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталады:

1. Жәлиев Нұрхан Бұхарбайұлы – «Сыр медиа» ЖШС бас директорының орын­басары

2. Жакибаева Валентина Оразхановна – «Час пик» газетінің тілшісі

3. Қасымов Тимур Равильевич – об­лыстық «Кызылординские вести»
газеті­нің бас редакторы

4. Ажарбаева Ботагөз Мейрамбекқызы – облыстық «Кызылординские вести» газе­тінің
тілшісі

5. Қасымова Айсұлу Жұмабайқызы – облыстық «Қазақстан-Қызылорда»
телеарнасы директорының орынбасары

6. Құлтанова Баян Рахатқызы – «Қоғам ТВ» телеарнасының шеф редакторы

7. Мейрамгүл Дауылбайқызы – облыс­тық «Сыр бойы» газетінің тілшісі

8. Баранова Валентина Сергеевна – ардагер журналист

9. Қарабала Жағыппар Аманжолұлы – облыстық «Қазақстан-Қызылорда»
телеарнасы директоры.

 

Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен:

1. Шарабидинов Қуат Әбішұлы – «Сыр медиа» ЖШС бас директорының
орынбасары

2. Қалдыбаева Бақыт Бұғыбайқызы – облыстық «Қазақстан-Қызылорда» теле­арнасының
шеф редакторы

3. Тұрлыханов Әлхайдар Бегайдарұлы – «Хабар» телеарнасының операторы

4. Жикибаев Елібай Зұлқарнайұлы – облыстық «Kyzylorda-news.kz»
интернет-газетінің бас редакторы

5. Нұрмахан Нұрлан Көбегенұлы – «Әлімсақ» журналының бас редакторы

Қызылорда облысы әкімінің Алғыс хатымен:

1. Ли Юрий Владимирович – «Казахстанская правда» газетінің меншікті тілшісі

2. Жақыпбеков Нұрлан Жаңақұлұлы – «Хабар» телеарнасының меншікті тілшісі

3. Байназарова Миуа Қожасқызы – «Айқын» газетінің меншікті тілшісі

4. Жұмабаев Болат Тиыштықұлы – «Қоғам ТВ» телеарнасының бағдарламалар
директоры

5. Бекенов
Қамбар Ғалымұлы

«Хабар» және «24 kz» телеарналарының меншікті тілшісі

6. Нұрмаханов Нұрлыбек Оңталапұлы – «Қазақстан» телеарнасының операторы

7. Бекеева Инна Талгатовна – «Экспресс К», «Свобода слова»
газеттерінің меншікті тілшісі

8. Крючкова Валерия Борисовна – «Кызылорда таймс» газетінің бас
редакторы

9. Нажмадинқызы Әйгерім – «Халық»
газетінің тілшісі

10. Мәмен Балгүл Нұртуғанқызы – Қазалы ауданы әкімінің баспасөз
хатшысы

11. Қалбаева Бақыт Қаниқызы – «Ақмешіт ақшамы» газетінің менеджері

12. Умарова Мария Болатқызы – облыс әкімі баспасөз қызметінің инспекторы.

«Қанатты қалам-2015»облыстық журналистер форумының номинация иегерлері марапатталады:

1. Бүркітбайұлы Бейбітбек
«Заң» және «Қазақстан Заман» газетінің тілшісі– «Үздік әмбебап тілші» номинациясымен марапатталады.

2. Табынбаев Жұмабек Айдарбекұлы – облыстық «Сыр бойы» газетінің Қазалы
ауданындағы меншікті тілшісі – «Үздік әмбебап тілші» номинациясымен марапатталады.

3. Денисова Наталья Николаевна – «Бньюс» сайтының меншікті тілшісі –
«Жа­ңа­лық жаршысы» номинациясымен марапатталады.

4. Есімова Гаухарай Аманғалиқызы – «Халық» газетінің тілшісі – «Сәтті бастама» номинациясымен марапатталады.

5. Биятова Ақерке Берікбекқызы – «Қазақстан» ұлттық телеарнасының мен­шік­ті
тілшісі – «Үздік журналистік зерттеу»
номинациясымен марапатталады.

6. Титенок Игорь Валерьянович – облыстық «Кызылординские вести» газетінің бөлім меңгерушісі – «Үздік журна­листік
зерттеу» номинациясымен марапатталады.

7. Маханова Динара Жақсыбайқызы – «Ақмешіт ақшамы» газетінің тілшісі– «Үздік насихатшы» номинациясымен марапатталады.

8. Тәжібаева Райхан Тоғызбайқызы – «24 kz», «Хабар» телеарнасының
меншікті тілшісі – «Үздік заманауи журналист» номинациясымен марапатталады.

9. Тұңғышбаева Айнұр Нұрланқызы – облыстық «Қазақстан-Қызылорда» теле­арнасының
бас редакторы – «Үздік сарапшы» номинациясыменмарапатталады.

10. Шалабаев Мұрат Әбдірайымұлы – «Қоғам ТВ» телеарнасының атқа­ру­шы
директоры – «Үздік жоба» номинация­сымен марапатталады.

11. «Жаңақорған тынысы»аудандық газеті – «Үздік аудандық газет»номинациясымен марапатталады.

12. Байқожаев Мұстафа – «Ақмешіт жастары» газетінің дизайнері – «Үздік дизайн» номинациясымен марапатталады.

13. Сақтапова Шарипа Мұхтарқызы – «Астана» телеарнасының меншікті тілшісі – «Үздік сюжет» номинациясымен
марапатталады.

14. Бижанов Серік Тойынбекұлы – облыстық «Кызылординские вести»
газетінің жауапты хатшысы – «Үздік жауапты хатшы» номинациясымен марапатталды.

15. Елемесова Гүлназ Сапарбекқызы – об­лыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеар­на­сының
режиссеры – «Үздік телережиссер» номинациясымен марапатталады.

16. Омаров Дәурен Сейітжанұлы – облыстық «Сыр бойы» газетінің
тілшісі – «Үздік сайт беттеуші»
номинациясымен марапатталады.

17. Шалабаев Қанат Әбдірайымұлы – «Қоғам ТВ» телеарнасының операторы –«Үздік телеоператор» номинациясымен марапатталады.

18. Әбдіқадыров Қанат Әлібекұлы – облыстық «Қазақстан-Қызылорда» теле­ар­насының
жүргізушісі – «Үздік теле­жүр­гізуші» номинациясымен марапатталады.

19. Мальцева Лилия Геннадьевна
«Кызылорда таймс» газетінің тілшісі – «Үздік фоторепортаж» номинациясымен
марапатталады.

20. Республикалық танымдық-тәрбиелік журналы «Жарасымды
жанұя»

«Отбасының құндылықтарын насихаттаушы» номинациясымен марапатталады.

 

Жас журналист Сахитжан Бермағанбетов атындағы «Ең үздік
жас журналист» байқауының жеңімпаздары марапатталады:

1. Қожақова Аягоз Өмірзаққызы – облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеар­на­сының
редакторы

2. Омарова Сара Омарқызы – «Ақмешіт жастары» газетінің тілшісі
марапатталады.

 

1. Қазақстанның Құрметті Журна­лисі атағымен – Жақып Жұмабай Жақсылықұлы марапатталады.

2. Қазақстан Журналистер Одағының Лауреаты
атағымен – Бихожа Сәрсенкүл Байдешқызы
марапатталады.

 

Қазақстан Журналистер одағының арнайы дипломымен Гүлнар
Құлмұратова, Сайлаубай Жұбатырұлы, Жетіскен Мәкеналы, Қалдыбек Ерубай, Ыдырыс
Тұрлығұл, Нұрбике Құдайбергенова марапатталады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз