АЛҒАШҚЫ ТОҚСАН ТАРАЗЫЛАНДЫ

77

0

АЛҒАШҚЫ ТОҚСАН ТАРАЗЫЛАНДЫКеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанын қорытындылауға арналған мәжіліс өтті.

Мәжілісте облыс әкімінің орынбасары Наталья Годунова аймақтың
2015 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы мәлімдеді.
Белгілі болғанындай, үстіміз­дегі жылдың үш айында өңірдің өнеркәсіп кәсіпорындарымен 161,9 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 101 пайызды құрауда. 
Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібінде де өсу байқалуда. Мұнай өңдеу, тамақ өнімдері, химия өнеркәсібі және металлургия өнеркәсібінде өнім өндірудің артуы есебінен өңдеу өнеркәсібінде өсім 14,3 пайызға қамтамасыз етілген.
Индустрияландыру картасы аясында
2015 жылы жалпы құны 1,3 млрд теңгені құрайтын алты жобаны жүзеге асыру жоспарланып, 239 жұмыс орнын құру көзделіп отыр.
Ауыл шаруашылығы өнім­дерінің жалпы көлемі
6,6 млрд. теңгені құраған немесе 2014 жылдың сәйкес мерзіміне 101,6 пайыз. Есепті мерзімде
7,2 мың тонна мал және құс еті (тірілей салмақта), 15,7 мың тонна сүт (сиыр сүті),
0,6 млн дана жұмыртқа өндірілген.
Облыста жұмыссыздық деңгейі 5 пайызды құраған.  5270 адам жұмыспен қамтылса, оның ішінде 2829-ы тұрақты жұмыспен, 26-сы маусымдық жұмыспен қамтылған.
Қаржылық жағдайға келсек, мемлекеттік бюджетке
17592,5 млн теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдерден түсім түскен.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз